HP Laptop Help Guide

Table Of Contents
HP Wireless Assistant бағдарламалық құралын (тек таңдаулы үлгілерде) сымсыз
құрылғыларды қосу немесе өшіру үшін пайдалану
Сымсыз құрылғыны Wireless Assistant бағдарламалық құралы арқылы қосуға жəне өшіруге
болады. Егер сымсыз құрылғы орнату бағдарламасында өшірілген болса, Wireless Assistant
бағдарламалық құралы арқылы қосу немесе өшіру алдында, оны орнату бағдарламасында
қайтадан қосу керек.
ЕСКЕРІМ: сымсыз құрылғыны қосу компьютерді желіге немесе Bluetooth қосылған құрылғыға
автоматты түрде қоспайды.
Сымсыз құрылғылардың күйін көру үшін, Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді
көрсету) белгішесін, хабарландыру аймағының сол жағындағы көрсеткіні басып, тінтуір меңзерін
сымсыз байланыс белгішесінің үстіне қойыңыз.
Wireless Assistant бағдарламалық құралын ашу үшін, хабарландыру аймағындағы сымсыз
байланыс белгішесін екі рет басыңыз.
Егер хабарландыру аймағында сымсыз байланыс белгішесі көрсетілмесе, мына қадамдарды
орындаңыз:
Windows 7
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук
(Аппараттық құрал мен дыбыс) > Центр мобильности Windows (Windows мобильділікті
басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
2. Windows® мобильділікті басқару орталығының төменгі жолында
орналасқан Wireless
Assistant қатарындағы сымсыз байланыс белгішесін басыңыз.
3. Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз.
4. HP Wireless Assistant icon in notification area (Хабарландыру аймағындағы HP Wireless
Assistant белгішесі) жанына құсбелгі қойыңыз.
5. Применить (Қолдану) түймешігін басыңыз.
6. Закрыть (Жабу) түймешігін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Wireless Assistant бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
1. Windows мобильділікті басқару орталығындағы белгішені басу арқылы Wireless Assistant
бағдарламалық құралын ашыңыз.
2. Справка (Анықтама) түймешігін басыңыз
.
Windows XP
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет соединения
(Желі жəне Интернет байланыстары) > HP Wireless Assistant тармақтарын таңдаңыз.
2. Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз.
3. Wireless Assistant icon in notification area (Хабарландыру аймағындағы Wireless Assistant
белгішесі) жанына құсбелгі қойыңыз.
4. Применить (Қолдану) түймешігін басыңыз.
4 Бап 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)