HP Laptop Help Guide
Table Of Contents
- Кіріспе
- Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымсыз байланыс жасау
- WLAN желісін пайдалану
- HP ұялы кең жолақты құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
- GPS навигаторын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сымды желіге қосылу
- Мультимедиа
- Қуатты басқару
- Компьютерді өшіру
- Қуат параметрлерін орнату
- Батарея қуатын пайдалану
- Windows 7 амалдық жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама және қолдау) бөлімінен батарея туралы ақ ...
- Windows 7 амалдық жүйесінде Батареяны тексеру құралын пайдалану
- Батарея зарядының қалған деңгейін көрсету
- Батарея зарядының біту уақытын арттыру
- Батареяның төмен деңгейлерін басқару
- Батареяның қуатын үнемдеу
- Батареяны сақтау
- Пайдаланылып болған батареяны жою
- Батареяны ауыстыру
- Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану
- Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
- Сыртқы карталар мен құрылғылар
- Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- ExpressCards картасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- USB құрылғысын пайдалану
- 1394 құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
- Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
- Дискілер
- Қауіпсіздік
- Орнату бағдарламасы (BIOS)
- Компьютерді сапарға алып шығу
- Ақаулықтарды жою жолдары
- Электростатикалық ток соғу
- Индекс

1 Кіріспе
Нұсқаулықта сымсыз желіге қосылу, мультимедиа, қуатты басқару, қауіпсіздік жəне т.б. қоса, HP
жəне Compaq ноутбук компьютерлері туралы жалпы ақпарат берілген.
ЕСКЕРІМ: осы нұсқаулықта сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін.
Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу
Мына пайдаланушы нұсқаулықтары мен анықтамалық материалдар басылып шығарылған түрде
немесе компьютердің қатты дискісінде, оптикалық дискісінде немесе SD картасында
компьютермен бірге беріледі.
●
Жылдам орнату постері компьютеріңізді қалай орнатып, қосу керектігі жөнінде нұсқаулар
береді. Хабарландыру компьютердің қорабында орналасқан.
ЕСКЕРІМ: пайдаланушы нұсқаулықтары мен анықтамалық материалдардың қайда
орналасқанын көру үшін осы хабарландыруды қараңыз.
●
Жұмысқа кіріскенде бөлімінде компьютер, соның ішінде өнімнің арнайы мүмкіндіктері, сақтық
көшірме жасау жəне қалпына келтіру, күтім, техникалық сипаттары туралы ақпарат берілген.
●
Анықтама жəне қолдау орталығында амалдық жүйе, драйверлер, ақаулықтарды жою
құралдары жəне техникалық қолдау туралы ақпарат берілген. Анықтама жəне қолдау
орталығына кіру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып, > Справка и поддержка (
Анықтама
жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. Арнайы ел немесе аймақ қолдауы үшін
http://www.hp.com/
support, торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
●
Инструкция по безопасности и удобству использования (Қауіпсіз жəне ыңғайлы жұмыс
істеу) нұсқаулығында компьютер пайдаланушылары үшін компьютерді қосу жəне
пайдаланушыларға жұмыс орнын реттеу жəне дұрыс ұйымдастыру жолдары, денсаулық
сақтау шаралары жəне компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады. Сондай-ақ
мұнда маңызды электр жəне
механикалық кауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беріледі.
Бұл нұсқаулыққа өту үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау)
> Руководства Пользователя (Пайдаланушы нұсқаулығы) тармақтарын таңдаңыз. Бұл
нұсқаулықтың электрондық нұсқасын
http://www.hp.com/ergo веб-торабынан да көруге
болады.
●
Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта туралы ескертулер—мұнда қауіпсіздік жəне заң
ережелері мен батареяны тастау туралы ақпарат берілген. Бұл ескертулерді көру үшін
Псук (Бастау) түймешігін басып, > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын,
одан кейін > Руководства Пользователя (Пайдаланушы нұсқаулығы) тармағын таңдаңыз.
Жаңа компьютеріңіз туралы
қосымша ақпарат алу 1