HP ноутбугі Анықтамалық нұсқаулық
© Copyright 2010 Hewlett-Packard Development Company, L.P. ATI — Advanced Micro Devices, Inc компаниясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны Hewlett-Packard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Java — Sun Microsystems, Inc. корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Ноутбукке жалғанған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Кіріспе ............................................................................................................................................................. 1 Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу ......................................................................... 1 2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) ................................................................................................. 2 Сымсыз байланыс жасау .................................................
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................................................................. 17 SkyRoom бағдарламалық құралын орнату (тек таңдаулы үлгілерде) ......................... 17 Бейне ................................................................................................................................................. 17 VGA .................................................................................................................................
Айнымалы ток адаптерін тексеру ................................................................................... 31 Графикалық режимдерді ауыстырып қосу (тек таңдаулы үлгілерде) .......................................... 31 5 Сыртқы карталар мен құрылғылар ......................................................................................................... 32 Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ................................ 32 Сандық картаны салу .....................
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ......................................................... 47 Орнатылған оптикалық дискіні анықтау ......................................................................... 47 Оптикалық дискілерді енгізу ............................................................................................ 49 Диск науасы ..................................................................................................... 49 Диск саңылауы ..........................
Қосымша B Ақаулықтарды жою жолдары ................................................................................................ 66 Қосымша C Электростатикалық ток соғу .................................................................................................. 67 Индекс ...............................................................................................................................................................
x
1 Кіріспе Нұсқаулықта сымсыз желіге қосылу, мультимедиа, қуатты басқару, қауіпсіздік жəне т.б. қоса, HP жəне Compaq ноутбук компьютерлері туралы жалпы ақпарат берілген. ЕСКЕРІМ: осы нұсқаулықта сипатталған кейбір мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы мүмкін. Жаңа компьютеріңіз туралы қосымша ақпарат алу Мына пайдаланушы нұсқаулықтары мен анықтамалық материалдар басылып шығарылған түрде немесе компьютердің қатты дискісінде, оптикалық дискісінде немесе SD картасында компьютермен бірге беріледі.
2 Желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер Интернетке қосылудың екі түрін қолдайды: ● Сымсыз — Сымсыз байланыс жасау 2-бетте бөлімін қараңыз. ● Сымды — Сымды желіге қосылу 10-бетте бөлімін қараңыз. ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын Интернет қызметін орнатуыңыз керек. Сымсыз байланыс жасау Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін: ● Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы. ● HP ұялы кең жолақты модулі (сымсыз кең ауқымды желі (WWAN)).
Желі (ажыратылған) Желілік құрылғылардың желіге қосылып тұрмағанын білдіреді. Желі (өшірулі/ажыратылған) Ешқандай сымсыз қосылымдар қолжетімді емес екенін көрсетеді. Windows XP Белгіше Атау Сипаттама HP Connection Manager HP ұялы кең жолақты модулімен байланыс орнатуға (тек таңдаулы үлгілерде) мүмкіндік беретін HP Connection Manager бағдарламасын ашады. Сымсыз (қосулы) Бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылардың қосулы екенін көрсететді.
HP Wireless Assistant бағдарламалық құралын (тек таңдаулы үлгілерде) сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру үшін пайдалану Сымсыз құрылғыны Wireless Assistant бағдарламалық құралы арқылы қосуға жəне өшіруге болады. Егер сымсыз құрылғы орнату бағдарламасында өшірілген болса, Wireless Assistant бағдарламалық құралы арқылы қосу немесе өшіру алдында, оны орнату бағдарламасында қайтадан қосу керек. ЕСКЕРІМ: сымсыз құрылғыны қосу компьютерді желіге немесе Bluetooth қосылған құрылғыға автоматты түрде қоспайды.
HP Connection Manager бағдарламалық құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютердегі HP ұялы кең жолақты модулімен WWAN желілеріне қосылу үшін, HP Connection Manager бағдарламалық құралын пайдалануға болады (тек таңдаулы үлгілерде). ▲ Connection Manager бағдарламалық құралын іске қосу үшін, тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы HP Connection Manager белгішесін басыңыз.
Егер желі қорғалған WLAN болса, желілік қауіпсіздік кодын енгізу сұралады. Кодты теріп, қосылуды аяқтау үшін OK түймешігін басыңыңыз. ЕСКЕРІМ: егер тізімде ешқандай WLAN желісі көрсетілмесе, сымсыз жол жоспарлағыштар мен кіру нүктелерінен алшақ жерде тұрсыз.
ЕСКЕРІМ: сымсыз байланысты орнату кезінде компьютеріңіз бен сымсыз жол жоспарлағыш үндестірілгеніне көз жеткізіңіз. Компьютеріңіз бен сымсыз жол жоспарлағышын үндестіру үшін, олрады алдымен өшіріп, содан соң қайтадан қосыңыз. Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді қосуға болады. WLAN жүйесін орнату бойынша көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе ISP жеткізушісі берген ақпаратты қараңыз.
Мобильді желі провайдері қызметін пайдаланған кезде, HP ұялы кең жолақты құралы жолда немесе Wi-Fi байланыс орындары аясынан тыс жерде болғанда Интернетке қосулы қала беруге, электрондық пошта жіберуге немесе корпоративтік желіге қосылуға еркіндік береді. ЕСКЕРІМ: ұялы кең жолақты қызметті іске қосу үшін, HP ұялы кең жолақты модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірдің қайда орналасу орнын Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығынан қараңыз.
SIM картасын шығарып алу ЕСКЕРІМ: SIM карта ұясының орналасқан жерін табу үшін, Жұмысқа кріскенде нұсқаулығын қараңыз. 1. Компьютерді сөндіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе ұйықтау режимінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. 2. Дисплейді жабыңыз. 3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Батареяны алыңыз. 6.
GPS навигаторын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютеріңіз GPS навигаторымен (Ғаламдық шарлау жəне орналасуын анықтау жүйесі) жабдықталған болуы мүмкін. GPS жересерік арқылы GPS навигаторымен жабдықталған жүйелерге драйвердің орналасуы, жылдамдығы жəне бағыты туралы ақпарат береді. Қосымша ақапарат алу үшін, HP Connection Manager немесе HP Wireless Assistant бағдарламалық құралының анықтама бөлімін қараңыз.
2. Модем кабелін RJ-11 қабарғадағы телефон ұясына (2) салыңыз. Арнайы ел немесе аймақ модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елдер жəне аймақтар бойынша əр түрлі болады. Модемді жəне оның кабелін компьютерді сатып алған елден немесе аймақтан басқа жерде қолдану үшін, сол елдің немесе аймақтың арнайы модем кабелінің адаптерін алыңыз. Модемді RJ-11 телефон ұясы жоқ аналогтық телефон желісіне қосу үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Модем кабелін компьютердегі модем ұясына (1) қосыңыз. 2.
Орналасу параметрін таңдау Ағымдағы орналасу таңдауын көру Windows 7 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз. 2. Часы, язык и регион (Сағат, тіл жəне аймақ) құрамдас бөлігін басыңыз. 3. Содан соң Регион и язык (Аймақ жəне тіл) қойындысын таңдаңыз. 4. Орныңызды көру үшін, Размещение (Орын) қойындысын таңдаңыз. Windows XP 1. Пуск (Бастау), > Панель управления (Басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз. 2.
5. Жаңа орын орнату үшін, Имя расположения (Орын атауы) терезесіне, (үй немесе жұмыс секілді) атау теріңіз. 6. Страна (Ел/аймақ) тізімінің ішінен елді немесе аймақты таңдаңыз. (Егер модем қолдамайтын елді немесе аймақты таңдасыңыз, АҚШ немесе Ұлыбритания ел/аймақ таңдауы көрсетіледі.) 7. Аймақ кодын, байланыс провайдерінің кодын (қажет болса) жəне сыртқы желі нөмірін (қажет болса) теріңіз. 8.
ЕСКЕРІМ: осы іс-шараларды өз еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сондай-ақ, басқы елдегі немесе аймақтағы орындар үшін қолдануға болады. Мысалы, сыртқы желіге кіре алатын, нөмір теру ережелері бар «Работа» (Жұмыс) деп аталатын параметрді қосуыңызға болады. Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Жергілікті желіге (LAN) қосылу үшін, (бөлек сатылатын) 8 түйіспеден тұратын RJ-45 желілік кабелі қажет.
3 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Бір немесе бірнеше кірістірілген үндеткіштер ● Бір немесе бірнеше кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Ме
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері нұсқаулығын қараңыз. ЕСКЕРІМ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге болады. ЕСКЕРІМ: компьютеріңізде дыбыс деңгейін реттеудің қандай түрлері барын білу үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Принадлежности (Керекжарақтар) > Развлечения (Ойын-сауықтар) > Звукозапись (Дыбыс жазу құрылғысы) тармақтарын таңдаңыз. 2. «Начать запись» (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонға сөйлеңіз. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 3. Мультимедиялық бағдарламаны ашып, дыбысты ойнатыңыз.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. ▲ VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Экран кескінін қосу туралы өнімнің арнайы нұсқауларын Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығынан қараңыз. DisplayPort DisplayPort жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді сандық дисплей құрылғыларын жалғайды.
HDMI HDMI (Айқындығы жоғары мультимедиалық тілдесу) порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген сыйысымды сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды. ЕСКЕРІМ: Бейне сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, (бөлек сатылады) HDMI кабелі керек болады. Компьютердің HDMI портына тек HDMI құрылғыларын қосуға болады. Компьютер экранында көрсетілген ақпарат сол уақытта HDMI құрылғысында көрсетілуі мүмкін.
Дыбысты компьютер үндеткіштеріне қайтару үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойындысындағы Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. По умолчанию (Əдепкі күйін орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
4 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосықышы болуы мүмкін. Осы нұсқаулық ішінде қуат түймешігі термині қуатты басқару құралдарының екі түрліне де қолданылады. ЕСКЕРІМ: Windows 7 жүйесінде Спящий режим (Күту), ал Windows XP жүйесінде Режим ожидания (Күту қалыбы) терминдері қолданылады. Ұйқылық термині осы нұсқаулық ішінде екеуіне де қолданылады. Қандай да бір əрекеттерге əсер ететін амалдық жүйелер арасындағы айырмашылық ескерілген.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдейтін күйлерді пайдалану Компьютердің зауытта қосылған қуатын үнемдейтін екі күйі бар: Күту жəне əрекетсіздік режимдері. Күту режимі қосылған кезде қуат шамы жыпылықтап, экран сөнеді. Жұмысыңыз жадқа сақталады жəне əрекетсіздік режиміне қарағанда күту режимінен тезірек шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ уақыт бойы күту режимінде болғанда немесе күту режимінде батарея заряды өту төменгі деңгейіне жеткен жағдайда, компьютер əрекетсіздік режиміне ауысады.
Əрекетсіздік режимін қосу жəне одан шығу Жүйе батарея қуатымен немесе сырттан келетін қуатпен жұмыс жасап тұрып біраз уақыт əрекетсіз қалған кезде, заряд өте төмен батарея деңгейіне жеткенде əрекетсіздік режиміне өтетіндей етіп зауытта орнатылған. Қуат параметрлері мен күту уақыттарын Windows басқару тақтасы арқылы өзгертуге болады.
Windows XP амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Performance and Maintenance (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Свойства: Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз. Басқа қуат жоспарын таңдау Келесі əдістердің кез келгенін таңдаңыз: ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесін басып, тізімнен қуат жоспарын таңдаңыз.
Компьютер күту немесе əрекетсіздік режимінен шыққанда құпия сөз сұралатын етіп орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > System and Security (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) параметрін таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Запрос пароля при пробуждении (Режимнен шыққан кезде құпия сөзді сұрау) параметрін таңдаңыз. 3. Изменение недоступных в данный момент параметров (Қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз. Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əр түрлі болады.
Батарея зарядының біту уақытын арттыруға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Компьютер пайдаланылмай тұрғанда немесе зарядталмаған кезде батареяны шығарып алыңыз. ● Батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. ● Windows 7 амалдық жүйесінде қуат параметрлері ішінен Экономия энергии (Электр қуатын үнемдеу) параметрін таңдаңыз. Батареяның төмен деңгейлерін басқару Бұл бөлімдегі ақпарат зауытта орнатылған ескертулер мен жүйенің реакциясын түсіндіреді.
Зарядталған батарея бар болғанда заряды аз батарея деңгейін реттеу 1. Компьютерді өшіріңіз немесе əрекетсіздік режимін қосыңыз. 2. Заряды таусылған батареяны зарядталған батареямен ауыстырыңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. Сыртқы қуат көзі болмағанда заряды аз батарея деңгейін реттеу ● Əрекетсіздік режимін қосыңыз. ● Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Батареяны қалай дұрыс тастау керектігін білу үшін Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта туралы ескертулері бөлімін қараңыз. Батареяны ауыстыру Windows 7 анықтама жəне қолдау бөліміндегі батареяны тексеру ішкі бөлім дұрыс зарядтамаған кезде немесе батарея сыйымдылығы төмен жағдайға жеткенде, батареяны ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқауларда кепілдік коды болады.
Сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу туралы ақпаратты компьютердің қорабында берілген Жылдам орнату хабарландыруынан қараңыз. Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуатына жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Экран қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру үшін: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Батареяны компьютерден шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 4. Компьютерді қосыңыз. ● Егер қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс жұмыс істеп тұр.
5 Сыртқы карталар мен құрылғылар Сандық медиа ұясының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңізде қолданылатын сандық карта пішімдерін анықтау үшін Жұмысқа кіріскенде нұсқаулығын қараңыз.
3. Картаны (1) ішке қарай басып, ұясынан (2) шығарып алыңыз. – немесе – Картаны ұядан суырып алыңыз. Компьютер карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер карталары - көлемі төлем карталарындай PCMCIA (Жеке компьютер жад картасының халықаралық қоғамдастығы) сипаттамаларына сəйкес келетін керек-жарақ болып табылады.
ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қаупін азайту үшін: Компьютер картасын өте жай салыңыз. Компьютер картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе тасымалдамаңыз. Компьютер картасы ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны компьютерлік картаны салмас бұрын алып тастау керек. 1. Компьютер картасын шығару түймешігін басыңыз (1). Бұл əрекет түймешікті қосымшаны шығару күйіне дейін ұзартады. 2. Компьютер картасын шығару түймешігіін қосымшаны босату үшін басыңыз. 3.
Компьютер карталарын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында компьютер картасын шығарып алмас бұрын оны өшіріңіз. 1. Ақпаратты сақтап, компьютер картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Компьютер картасын босатып, шығарып алыңыз: a. Компьютер картасын шығару түймешігін басыңыз (1).
ExpressCard картасын салу ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталардың зақымдануын болдырмау үшін, ExpressCard ұясына компьютер картасын салмаңыз. ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қупін азайту үшін: ExpressCard картасын өте жай салыңыз. ExpressCard картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе тасымалдамаңыз. ExpressCard ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қоысшаны шығарып алу үшін: 1. Қосышаны ашу үшін, оған (1) басыңыз. 2. Қосымшаны ұядан суырып алыңыз (2).
ExpressCard картансын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. ExpressCard картасын босату жəне шығарып алу: a.
Смар-картаны салу 1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу құрылғысына орныққанша сырғытыңыз. 2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұқсауларды орындаңыз. Смар-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады. USB құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін USB құрылғысын шығарып алған кезде оны сымынан тартпаңыз.
1394 құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: 1394 порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ 1394 құрылғысын компьютерге жалғау үшін 1394 кабелін компьютердегі 1394 портына жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. 1394 құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында м құрылғысын шығарып алмас бұрын оны өшіріңіз.
▲ eSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін eSATA кабелін компьютердегі eSATA портына жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. eSATA құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: eSATA қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін eSATA құрылғысын шығарып алған кезде оны сымынан тартпаңыз. ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында құрылғыны қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Қажет бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қай портын қолдануды білу үшін өндіруші' нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
Жалғау ұясын пайдалану (тек таңдаулы модельдерде) Жалғау ұясы компьютерді қосымша жалғау құрылғысымен байланыстырады. Қосымша жалғау құрылғысы компьютермен қолдануға болатын қосымша порттар мен ұялармен қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Мына сурет компьютеріңізден немесе жалғау құрылғысынан сəл өзгеше болуы мүмкін.
6 Дискілер Дискілерді ұстау Дискілер компьютердің сынғыш бөліктері болып табылады, оларды байқап ұстау керек. Дискілерді ұстамас бұрын мына ескертулерді қарап шығыңыз. Қосымша ескертулер олар қолданатын шараларға енгізілген. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: 44 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьтерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді. ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету қажет емес Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей береді.
Windows 7 жүйесінде HP ProtectSmart Hard Drive Protection құралын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде ғана) HP ProtectSmart Hard Drive Protection құралы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды: ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Қуатты қауіпсіз орнатылған қатты диск көмегімен басқару HP ProtectSmart Hard Drive Protection құралы дискіні қауіпсіз орналастырған болса, мына жағдайлар орын алады: ● Компьютер өшпейді. ● Төмендегі ескертуде сипатталған жағдайлардан басқа уақытта компьютер күту режиміне немесе əрекетсіздік режиміне ауыспайды.
Windows XP амалдық жүйесінде — Пуск (Бастау) > Мой компьютер (Менің компьютерім) тармақтарын таңдаңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі.
Оптикалық дискілерді енгізу Диск науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск наусын шығару үшін (1) жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басыңыз. 3. Науаны тартып шығарыңыз (2). 4. Дискінің бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстаңыз да, дискінің жапсырма бетін жоғары қаратып науа білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні білікке орналастыру үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 5. Дискіні орнына қонғанша науаға қарай абайлап басыңыз (3). 6.
3. Дискіні диск саңылауы оптикалық жетегіне ақырындап сырғытып салыңыз. Оптикалық дискілерді шығарып алу Диск науасы Диск науасының қалыпты ашылуына немесе ашылмауына байланысты дискіні шығарып алудың екі жолы бар. Егер диск науасы қалыпты ашылатын болса 1. Диск науасын шығару үшін жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басып (1), науаны абайлап, толықтай тартып шығарыңыз (2). 2. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3).
3. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 4. Диск науасын жауып, дискіні қорғаушы қабына салыңыз. Диск саңылауы 1. Жетектің жанындағы босату түймешігін басыңыз (1). 2. Дискіні бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстап шығарып алыңыз (2). 3. Дискіні қорғаушы қабына салыңыз.
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілері — бір компьютерге жалғанған жинақтағыш дискіне сол желідегі басқа компьютерден қол жеткізуге мүмкіндік беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows® амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін орнату бағдарламасы дербес параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін.
Бір құпия сөзді орнату бағдарламасы мен Windows қауіпсіздік мүмкіндігі үшін де пайдалануға болады. Сонымен қатар, бір құпия сөзді бірнеше орнату бағдарламасы мүмкіндігі үшін пайдалануға болады. Экран сақтағышы құпия сөзі сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпарат алу үшін Пуск (Бастау) > Центр справки и поддержки (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Құпия сөз Қызмет Қосылғанда сұралатын құпия сөз* ● Компьютер мазмұнының пайдаланылуын қорғайды. ● Бұл құпия сөз орнатылған соң, компьютерді əрбір қосқан немесе қайта қосқан сайын, немесе «Гибернация» (Əрекетсіздік) күйінен шыққан сайын оны енгізіп отыру керек. ЕСКЕРТУ: Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу, не болмаса «Гибернация» (Əрекетсіздік) күйінен шығу мүмкін болмайды.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді басқару Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Баптаулар утилитасын компьютерді қосу немесе қайта қосу арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Қосылу мəзірі көрсетілген кезде f10 пернесін басыңыз. 2.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде) Кірістірілген саусақа ізін оқу құрылғысы тек таңдаулы үлгілерде бар Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін компьютерде құпия сөзі бар пайдаланушы жазбасын орнату керек. Бұл жазба компьютеріңізге белгіленген саусағыңыздың түрткісі арқылы кіруге рұқсат береді.
8 Орнату бағдарламасы (BIOS) Орнату бағдарламасы немесе BIOS (Негізгі енгізу/шығару жүйесі) жүйедегі барлық енгізу жəне шығару құрылғыларының байланысын басқарады (диск жетегі, дисплей, пернетақта, тышқан жəне басып шығарғыш секілді). Орнату бағдарламасының орнатылған перифириялы құрылғылардың түрлеріне арналған параметрлері, компьютердің қосылу реті жəне жүйе жады мен кеңейтілген жады бар ЕСКЕРТУ: Орнтау бағдарламасына өзгертулер жасаған кезде сақ болыңыз.
● Мəтін ұясын жабу немесе мəзір бейнебетіне қайту үшін esc пернесін басыңыз. ● Орнату бағдарламасы ашық болған кезде қосымша ауысу жəне таңдау мəліметін көрсету үшін f1 пернесін басыңыз. Жүйе туралы ақпаратты көрсету 1. Орнату бағдарламасын іске қосу 2. Main (Негізгі) мəзірін таңдаңыз. Жүйе уақыты мен күні сияқты жүйелік ақпарат жəне компьютер туралы анықтау ақпараты көрсетіледі. 3.
BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaqs деп аталатын қысылған файлдарына буылған. Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
ЕСКЕРІМ: Экранда сəтті орнату туралы хабар пайда болғаннан кейін жүктеп алынған файлды қатты дискіден жоюға болады.
A Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті азайту үшін компьютерді керек-жарақтарға арналып сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы қоспаңыз.
B Ақаулықтарды жою жолдары ● Анықтама жəне қолдау орталығы арқылы веб-тораптар сілтемесіне өтіп, компьютер туралы қосымша ақпарат алыңыз. Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдары Интернетке қосылуды қажет етеді. Сонымен қатар, HP компаниясы Интернетке қосылуды қажет етпейтін қосымша құралдар ұсынады. ● http://www.hp.com/go/contactHP веб-торабынан HP тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
C Электростатикалық ток соғу Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс Таңбалар/Сандар «Режим ожидания» (Күту қалыбы) 21 1394 кабелі, жалғау 40 1394 құрылғылары белгіленген 39 қосылу 40 шығарып алу 40 16 биттік компьютер карталары 33 32 биттік компьютер карталары 33 А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 19 айнымалы ток адаптері, тексеру 31 айнымалы ток адаптерін тексеру 31 ақаулықтарды жою жолдары 66 амалдық жүйенің басқару құралдары 5 аудио функциялар, тексеру 16 аудио функцияларды тексеру 16 ауыспалы графикалық режимдер 31 Ə əдепкі параметрлер, қалпына келтіру 60
жүйе туралы ақпарат, көрсету 60 З заряды аз батарея деңгейі 27 зауыттық əдепкі параметрлер, қалпына келтіру 60 И Интернет байланысын орнатқыш 6 К кабельдер 1394 40 eSATA 41 USB 39 кеңейту порты 42 компьютер, сапарға шығу 28, 64 компьютерді қорғау 53 компьютерді өшіру 21 компьютерді сапарға алып шығу 28, 64 Компьютер карталары қолданылатын түрлер 33 компьютер карталары бағдарламалық құрал жəне драйверлер 33 конфигурациялау 33 қосымшаны алып тастау 34 салу 33 сипаттама 33 шығарып алу 35 компьютер карталарын к
С сандық карта қолдайтын пішімдер 32 салу 32 шығарып алу 32 саусақ ізін оқу құрылғысы орналасуы 58 пайдалану 58 смарт-карта белгіленген 37 салу 38 шығарып алу 38 сымды желіге қосылу 10 сымсыз байланыс əрекеттер түймешігі 3 белгішелер 2 қорғау 7 қосқыш 3 орнату 6 түймешік 3 сымсыз байланыс, жасау 2 сымсыз байланыс жасау 2 сымсыз желі (WLAN) керек жабдық 6 қауіпсіздік 7 қосылу 5 сымсыз желіңізді қорғау 7 сымсыз құрылғылар, қосу немесе өшіру 3 сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру 3 сымсыз шифрлау 7 сыртқы айн
W Windows амалдық жүйесі, құпия сөздер орнату 54 Wireless Assistant бағдарламалық құралы 4 WLAN жүйесін орнату 6 WWAN құрылғысы 7 Индекс 71