HP Digital Sender Flow 8500 fn 1 - User's Guide

б. Онлайн техникалық қызмет көрсету іс реті бойынша төмен жылжып, Қызмет көрсету іс
ретін аяқтау түймешігін түртіңіз.
в. Техникалық қызмет көрсету белсенділігін жазу жəне есептегіштерді нөлдеу үшін OK
түймешігін түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы біліктерді жəне бөлгіш тақтаны əрбір 100000 сканерлеу
тапсырмасын орындағаннан кейін ауыстыруды ұсынады.
Алдыңғы панельді орнына салу
КЕҢЕС: Алдыңғы панельді алу жəне ауыстыру бойынша нұсқауларды беретін анимацияны
веб-торапта қарауға болады (
www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз, одан кейін
құрылғыңызды іздеңіз).
Алдыңғы панельді ауыстыру үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Өнімді өшіру үшін Қуат түймешігін басыңыз, одан кейін электр қуаты сымын ажыратыңыз.
2. Сканерлеу қақпағын көтеріңіз.
3. Алдыңғы панельдің астынғы жағындағы ойық жерлерді таңдаңыз жəне көрсетілген орынды
басыңыз, одан кейін босатылған алдыңғы панельді ақырын көтеріңіз.
78
Бап 8 Құрамдас бөліктерді ауыстыру жəне орнату KKWW