HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide
7 Қол жетімділік
Қол жетімділік мүмкіндіктері
•
ЖШД оқу құралы
•
Сканер түймелерін басқару
ЖШД оқу құралы
ЖШД оқу құралы — ЖШД өзгертілгенде сканердің алдыңғы тақтасындағы күйдің ЖШД
шамдарын компьютер мониторына шығаратын бағдарламалық құрал. ЖШД оқу құралы
сканердің алдыңғы тақтасында көрсетілетін нəрсені шығару үшін қол жетімділік
бағдарламалық құралдарын қосады.
ЖШД оқу құралын қолдану үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Қатты дискіде C:\Program Files\Common Files\HP\Scanjet\9120\ каталог
ына
өтіңіз.
2. Бағдарламаны
бастау үшін, pled.exe фа
йлы
н екі рет нұқыңыз.
Ескертпе USB қосылым қатесі болса немесе сканер өшірулі болса, ЖШД оқу
құралының ЖШД мəтінін көрсете алмауы мүмкін.
Бөлімді де қараңыз
“
Сканердің ЖШД-тары” бетте 31
Сканер түймелерін басқару
Түймелердің кездейсоқ басылуларын болдырмау үшін, сканердің алдыңғы тақтасындағы
түймелерді ажыратуға болады.
Түймелер ажыратылғанда, компьютерден əрқашан сканерлеуді жəне көшірме жасауды
сканерлеу бағдарламалық құралын қолданып бастаңыз. Сканерлеуді немесе көшіруді
тоқтату үшін сканердің алдыңғы тақтасында Болдырмау түймесін жəне сканерді Қуатты
сақтау күйіне қою үшін Қуатты сақтау түймесін əлі де басуға болады.
Ск
анер
түймелерін ажырату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. HP сканері құралдарының қызметтік бағдарламасын ашыңыз.
2. Түймелер қойындысында Алдыңғы тақта түймелерін ажырату құсбелгісін қойыңыз.
Сканер түймелерін қосу үшін, Алдыңғы тақта түймелерін ажырату құсбелгісін алып
тастаңыз.
Ескертпе Осы құсбелгінің параметрін өзгерту үшін сізде компьютердегі əкімші
басымдықтары болу керек.
Қол жетімділік 53