HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide

Құжатты автоматты түрде беру құралы қағазды бермейді
Құжатты автоматты түрде беру құралының кіріс есігі қауіпсіз жабылмаған
болуы мүмкін. Құжатты автоматты түрде беру құралының кіріс есігін ашып,
есікті жайлап басу арқылы жабыңыз.
Құжатты автоматты түрде беру құралының аппараттық құралында ақау
болуы мүмкін. Құжатты автоматты түрде беру құралын сынақтан өткізу үшін,
келесі процедураны қолданыңыз:
USB кабелі мен қуат кабелін сканерден аж
ыратыңыз.
Қуат кабелінің əлі
қуат көзіне қосулы екенін тексеріңіз.
◦Құжатты автоматты түрде беру құралының ішінде кемінде бір бет
қағаздың болуын қамтамасыз етіңіз.
◦Қуат кабелін сканерге қайта жалғап, сканерді қосыңыз.
◦Құжатты автоматты түрде беру құралы арқылы басқа бетті сканерлеп
көріңіз.
Сканерленген суреттің төменгі жағы кесілген
Əдепкі бойынша, сканер 432 мм (17 дюйм) ұзындығына дейінгі бетті сканерлей
алады. Ұзын беттер үшін құжаттың соңғы жағы сканерленген элементке кірмейді.
Сканерлеу бағдарламалық құралында тиісті бет өлшемі көрсетілгенін тексеріңіз.
Бөлімді де қараңыз
Тым ұзақ құжаттарды сканерлеубетте 16
Қосымша ақауларды жою ақпараты
Қосымша ақауларды жою мəліметтерін келесі ресурстардан қараңыз:
Қолданыстағы сканерлеу бағдарламалық құралы туралы қосымша
ақпаратты сол бағдарламаға арналған желідегі анықтамадан қараңыз.
Сканер туралы жаңартылған мəліметтерді қарау үшін,
www.hp.com/support
торабында НР сканерін қолдау веб-торабын қараңыз.
◦Елді/аймақты таңдап, тілді таңдаңыз.
Сканердің үлгі нөмірін енгізіп, Enter пернесін басыңыз.
Интернетке қосылым болмаса, қолдау бойынша байланыс мəліметтерін
сканердің жұмысқа кіріскенде нұсқаулығындағы жұмысқа кірісу көмекшісі
туралы мəліметтерден қараңыз.
Бап 4
46 Ақауларды жою