HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide

7. Құжатты автоматты түрде беру құралының ішкі кіріс есігін жауып, сканер
қақпағын жабыңыз.
8. Сканерленетін орында толығымен сканерлеу үшін соңғы бетті анықтау
мақсатында сканерлеу нəтижесін тексеріңіз.
9. Сканерленбеген беттерді құжатты автоматты түрде беру құралының кіріс
науасына қайта жүктеңіз. Кез келген бет зақымдалған болса төмендегі
əрекеттердің бірін орындаңыз:
Зақымдалған беттің фотокөшірмесін жасап, фотокөшірмені ішкі бумаға
қосыңыз.
Зақ
ы
мдалған бетті сканер əйнегінен сканерлеңіз.
Түпнұсқа құжатты қайта басып шығарыңыз.
Буманы келесі түрде дайындаңыз:
a. Қағаздардың бір-біріне жабыспағанын қамтамасыз ету үшін, құжат
беттерінің бумасын желдетіңіз. Құжатты беру құралына бағыттайтын
ұшын бір бағытта желдетіңіз жəне одан кейін қарсы бағытта екінші
ұшын желдетіңіз.
b. Буманың төменгі жағын үстелдің жоғарғы жағына соғу арқылы
құжаттардың ұштарын туралаңыз. Буманы 90 градусқа бұрып,
қайталаңыз.
10. Сканерлеуді қалпына келтіріңіз.
Құжатты автоматты түрде беру құралының ақаулары 45