HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide

4. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
5. Ақау жойылмаса, түймелер HP сканері құралдарынан тыс ажыратылған
болуы мүмкін. Келесі процедураны орындап көріңіз:
a. Басқару тақтасын ашып, Сканерлер жəне камералар тармағын
таңдап, тізімнен сканер үлгісін таңдаңыз.
b. Сканер сипаттарын көрсету:
Windows 2000: Сипаттар түймесін басыңыз.
•Windows XP жəне Vista: Сканер үлгісін тінтуірдің оң жақ
түймесімен басып, Сипаттар тармағын таңдаңыз.
c. Сканер үшін түймелер па
раметрін тексеріңіз:
Windows 2000: Құрылғы оқиғаларын ажырату параметрінің
таңдалмауын қамтамасыз етіңіз.
•Windows XP жəне Vista: Ешбір əрекетті орындамау параметрі
таңдалмауын қамтамасыз етіңіз.
Түйме басылғанда, күтпеген бағдарлама ашылады
Ескертпе Сканерлеу жəне Көшіру түймесінің параметрлерін HP сканері
құралдарының қызметтік бағдарламасында өзгертуге болады. Болдырмау,
Құралдар немесе Қуатты үнемдеу түймелері үшін параметрлерді өзгертуге
болмайды.
Əр қадам сайын оның дұрыс жұмыс істеп тұрғанын көру үшін, түймені басыңыз.
Ақаулық жойылмаса, келесі қадамды орындаңыз.
1. НР сканері құралдарының қызметтік бағдарламасының Түймелер
қойындысында Сканердің алдыңғы тақта түймелері үшін байланыстарды
анықтаңыз. Қажет болса, түймеге тағайындалған бағдарламалық құралды
өзгертіңіз.
2. Бастау мəзіріне қарау арқылы компьютерде күтпеген бағдарламаның
орнатылғанын тексеріңіз.
Қажет болса, бағдарламаны орнатыңыз.
3. Ақаулық жойылма
с
а, түймелер HP сканері құралдарының қызметтік
бағдарламасынан тыс тағайындалған болу керек. Келесі процедураны
орындап көріңіз:
a. Басқару тақтасын ашып, Сканерлер жəне камералар тармағын
таңдап, тізімнен сканер үлгісін таңдаңыз.
b. Сканер сипаттарын көрсету:
Windows 2000: Сипаттар түймесін басыңыз.
•Windows XP жəне Vista: Сканер үлгісін тінтуірдің оң жақ
түймесімен басып, Сипаттар тармағын таңдаңыз.
c. Осы бағдарламаны бастау параметрінің таңдалғанын жə
не дұр
ыс
қолданбаның ашылмалы тізімде таңдалғанын тексеріңіз.
Сканерлеу түймесі басылғанда дұрыс емес профайл қолданылады.
HP Smart құжатты сканерлеу бағдарламалық құралын қолдансаңыз, Сканерлеу
түймесіне қайсы НР Smart құжатты сканерлеу бағдарламалық құралы профайлы
Сканер түймелері дұрыс жұмыс істемейді 41