HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide
Сканерленетін файлдар тым үлкен
Сақталған сканерлерде үлкен файл өлшемдері болса, келесілерді орындап
көріңіз:
• Сканерлеу ажыратымдылығының параметрін тексеріңіз:
◦ 200 н/д — құжаттарды суреттер ретінде сақтауға тиімді.
◦ Өңделетін мəтінді жасау мақсатында оптикалық таңбаларды тануды
қолданып көптеген қаріптер үшін, 300 н/д қолдану жеткілікті.
◦Азия қаріптері мен кішкентай қаріптер үшін 400 н/д ұсынылатын
ажыратымдылық.
Қажетті ажыратымдылықтан жоғары деңгейде сканерлеу қосымша па
йдасыз
үлкен фа
йлды жасайды.
• Ақ-қара түсті сканерлеуге қарағанда түрлі түсті сканерлеу үшін үлкен файл
жасалады.
• Бірден көп беттерді сканерлесеңіз, көптеген кішкентай файлдарды жасау
үшін, бір уақытта азырақ беттерді сканерлеңіз.
• Сканерленген деректерді өңдеу үшін Kofax VirtualReScan бағдарламалық
құралын қолданыңыз. Kofax VirtualReScan кішірек файлда алуға болатындай
деректерді қысады.
Басып шығару құралы басып шығармайды немесе басып шығару сапасы
нашар
Басып шығару картриджін ауыстырған соңғы уақытта HP сканерінің құралдар
қызметтік бағдарламасындағы сия деңгейін қайта орнатқан кезде, сия деңгейі
азайып жатқанда басып шығару құралының күй ескертулерін аласыз. Басып
шығару картриджін ауыстырған уақытта сия деңгейін қайта орнатпасаңыз, жалған
басып шығару күйі ескертулерін алуыңыз немесе басып шығару құралы сия
деңгейінің төмендігі туралы НР сканері құралдарының қызметтік бағдарламасы
есептерін алмас бұрын, бас
ып шығару құралында сия таусылуы мүмкін.
Ескертпе Басып шығару құралын қолдану үшін, құжатты автоматты түрде
жүктеу құралына түпнұсқаларды жүктеңіз. Басып шығару құралы сканер
əйнегіне салынған беттерге басып шығара алмайды.
Басқа да басып шығару құралы ақауларын түзету үшін, келесілерді орындап
көріңіз:
1. Сканерлеу бағдарламалық құралында Басып шығару құралын қосу
құсбелгісі таңдалғанын тексеріңіз.
2. Басып шығару құралының сиясы жағылған немесе қағазда сияның
көпіршіктері қалса, басып шығару картриджінің мыс контактілерін таза,
дымқыл, мамықсыз матамен абайлап сүртіңіз. Басып шығару картриджін
қайта салыңыз, бірақ НР сканері құралдарының қызметтік бағдарламасында
сия де
ңгейін қайта орнатпаңыз.
3. Картридж орнындағы ысырмада басып шығару картриджінің нық
орналасқанын тексеріңіз.
Сканер жұмысының ақаулары 39