HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide
Сканер əйнегінен сканерлеген кезде, элемент сканер əйнегіне дұрыс салынбаған
болуы мүмкін. Сканерлеуге əрекет жасалып жатқан элементтің əйнекке беті
төмен қаратып салынғанын жəне қақпақтың жабық болуын тексеріңіз.
Бөлімді де қараңыз
“
Түпнұсқа құжаттарды жүктеу” бетте 5
Сканерленген суреттер тура емес
Құжатты автоматты түрде беру құралымен сканерлеген кезде, қағаз
бағыттауыштарының түпнұсқа ұштарына тиетінін тексеріңіз. Барлық құжаттардың
бірдей өлшемде болуын тексеріңіз.
Сканер əйнегінен сканерлеген кезде, қақпақ жабылғанда элементтің қозғалып
кетуі мүмкін. Сканер əйнегінде түпнұсқаны түзетіп, қайтадан сканерлеңіз.
Сканерленген суреттерде жолақтар немесе таңбалар бар
Құжатты автоматты түрде беру құралымен сканерлеген кезде, төмендегі
қадамдарды орындаңыз. Əрбір қадамнан кейін жолақтардың немесе
таңбалардың əлі де бар болуын қарау үшін басқасын сканерлеп көріңіз. Осылай
болса, келесі қадамды орындап көріңіз.
1. Түпнұсқалардың таза əрі мыжылмағанын тексеріңіз.
2. Құжатты автоматты түрде беру құралын немесе сканер əйнегін тазалаңыз.
3. Бөлгіш тіректі жəне беру шығыршығын ауыстырыңыз.
Бөлімд
і де қараңыз
•“
Құжаттарды автоматты түрде беру құралын тазалау” бетте 24
•“
Сканер əйнегін тазартыңыз.” бетте 28
•“
Беру шығыршығы мен бөлгіш тіректі ауыстыру” бетте 29
Басып шығарылған беттерде тік ақ жолақтар пайда болады
Тағайындалған принтерде тонер немесе сия жоқ болуы мүмкін. Мəселенің
принтерден екендігін көру үшін сол принтермен басқа түпнұсқаны сканерлеңіз.
Екінші тұпнұсқада бірдей ақау болса, құжатты автоматты түрде беру құралын
немесе сканер əйнегін тазалаңыз.
Бөлімді де қараңыз
•“
Құжаттарды автоматты түрде беру құралын тазалау” бетте 24
•“
Сканер əйнегін тазартыңыз.” бетте 28
Бап 4
38 Ақауларды жою