HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide
Сканер жұмысының ақаулары
• Сканер қосылмайды
•
Сканер шамы қосулы
•
Сканер бірден сканерлемейді
•
Сканер екі жақты беттің тек бір жағын сканерлейді
•
Сканерленген сурет жағылған
•
Сканерленген беттер сканер тағайындауында ретсіз болады
•
Сканерленген беттер сканерлеу тағайындалған жерде жоқ
•
Сканерлеу жəне тапсырма жылдамдықтарын оңтайландыру
•
Сурет толығымен қара немесе толығымен ақ
•
Сканерленген суреттер тура емес
•
Сканерленген суреттерде жолақтар немесе таңбалар бар
•
Басып шығарылған беттерде тік ақ жолақтар пайда болады
•
Сканерленетін файлдар тым үлкен
•
Басып шығару құралы басып шығармайды немесе басып шығару сапасы
нашар
Сканер қосылмайды
Алдыңғы тақтадағы сканер түймелерін басқанда, сканер қосылмаса, мыналарды
тексеріңіз:
• Сканерге қуаттың жеткізілетінін тексеріңіз.
• Сканердің оң жағындағы Қуат қосқышы қосулы қалыпта болуын тексеріңіз.
• Сканер токтан ажыратылған болуы мүмкін. Қуаттың берілуі сканерден
ажыратылмағанын немесе ток көзінен ажыратылмағанын тексеріңіз.
Сканер шамы қосулы
Сканер шамының уақыты аяқталып, енжарлық мерзімінен (шамамен 15 минут)
кейін автоматты түрде өшіріледі.
Сканер шамы енжарлықтың ұзақ мерзімінен кейін қосулы қалса, сканерді өшіріңіз,
30 секунд күтіңіз жəне одан кейін сканерді кері қосыңыз.
Ескертпе Сканер шамы қағаз құжатты автоматты түрде беру құралының кіріс
науасында болғанда өшірілмейді.
Сканер бірден сканерлемейді
Сканердің оң жағындағы қуатты қосқыштың қосулы екенін тексеріңіз.
Сканер біраз уақыт бойына қолданылмаса, сканер шамы сканерлеу басталмас
бұрын қыздыру мерзімі арқылы өту қажет болуы мүмкін. Сканер шамының
қыздырылуы қажет болса, бағдарламалық құралды бастағаннан немесе
сканерлеудің басталуы үшін сканер түймесін басқаннан кейін оған біраз уақыт
жұмсалады.
HP сканері құралдарының қызметтік бағдарламасында шамды дереу қосу
мүмкіндігін қосуға бо
лады.
Сканер жұмысының ақаулары 35