HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide

Жоғарыдағы элементтерді тексергеннен кейін де ақау сақталса, келесілерді
орындап көріңіз:
1. Сканердің компьютерге қалай қосылғанына байланысты келесі
тапсырмалардың бірін орындаңыз:
•USB кабелі USB хабына немесе ноутбукке арналған жүктеу
станциясына қосылған болса, USB кабелін USB хабынан немесе
жүктеу станциясынан ажыратып, USB кабелін компьютерге тікелей
жалғаңыз.
•USB кабелі компьютерге тікелей қосылған болса, оны компьютердегі
басқа USB портына жалғаңыз.
Компьютерден пернетақта мен тінтуірден басқа барлық US
B
құры
лғыларын ажыратыңыз.
2. Қуат қосқышын өшіру қалпына қойып, 30 секунд күтіңіз де, Қуат қосқышын
қайтадан қосулы қалпына қойыңыз.
3. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
4. Компьютер қайта іске қосылғаннан кейін сканерді қолданып көріңіз.
Сканер жұмыс істесе жəне 1-қадамдағы компьютерге қосылған жолмен
өзгертілсе, байланыс ақаулығы USB хабын, жүктеу станциясын, USB портын
немесе USB құрылғысын қатыстыра алады. Сканерді тікелей компьютерге
қосулы қалдырыңы
з. Əрбір қосымша USB құрылғыны қайта қосқаннан кейін
сканерді қолданып көріңіз жəне сканердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі
келтіретін кез келген USB құрылғысын ажыратыңыз.
Сканер жұмыс істемесе, HP Scanjet драйверлері мен қызметтік
бағдарламаларын қайта орнатыңыз.
HP Scanjet қызметтік бағдарламаларын жою жəне қайта орнату
Сканер кабелінің қосылымдары ақауды шешпесе, ақау орнатудың толық
орындалмағаны себебінен туындаған болуы мүмкін. HP сканерлеу қызметтік
бағдарламаларын жойып, қайта орнатып көріңіз.
1. Қуат қосқышын өшірулі қалпына қойып, USB кабелі мен қуат кабелін
сканерден ажыратыңыз.
2. Келесі элементтерді жою үшін Басқару тақтасынан Қосу/Жою құралын
(Windows Vista жүйесінде Бағдарламалар жəне мүмкіндіктер құралы)
қолданыңыз:
HP Scanjet N9120 Document ISIS/TWAIN
HP Scanjet N9120 қызметтік бағдарламалары
3. Компьютерді қайта іске қосы
ңыз.
4. H
P Scanjet драйверлері мен құралдарын қайта орнату үшін сканермен бірге
берілген HP сканерлеу бағдарламалық құралының ықшам дискін
қолданыңыз.
5. USB кабелі мен қуат кабелін сканерге қайта қосып, Қуат қосқышын қосулы
қалпына қойыңыз.
30 секундтан кейін қуаттың ЖШД тұрақты жасыл шаммен жанып тұрады
жəне «Назар аударыңыз» жарық шығарғыш диоды өшірулі болады.
Бап 4
34 Ақауларды жою