HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide
Сканерде қуат болуын тексеру
Қуат кабелі сканер мен қуат розеткасы арасында қосылады.
• Қуат кабелінің сканер мен жұмыс істеп тұрған электр розеткасы арасында
қауіпсіз қосылғанын тексеріңіз.
• Қуат кабелі ток күшінің артуынан қорғайтын құралға қосылған болса, ток
күшінің артуынан қорғайтын құралдың розеткаға жалғанғанын жəне
қосылғанын тексеріңіз.
• Сканердің оң жағындағы Қуат қосқышы қосулы қалыпта болуын тексеріңіз.
Жоғарыдағы элементтерді тексергеннен кейін де ақау сақталса, келесілерді
орындап көріңіз:
1. Қуат қосқышын өшірулі қалпына қойып, қуат кабелін сканерден
ажыратыңыз.
2. 30 секунд күтіңіз.
3. Қуат кабелін сканерге қайта қосып, Қуат қосқышын қосулы қалпына
қойыңыз.
30 секундтан кейін қуаттың ЖШД тұрақты жасыл шаммен жанып тұрады
жəне «Назар аударыңыз» жарық шығарғыш диоды өшірулі болады.
USB қосылымын тексеру
Сканерге физикалық тұрғыда қосылымды тексеріңіз.
• Сканермен бірге берілген кабельді қолданыңыз. Басқа USB кабелі
сканермен үйлесімді болмауы мүмкін.
• USB кабелі сканер мен компьютер немесе USB хабы арасында қауіпсіз
қосылғанын тексеріңіз. Кабель сканерге дұрыс қосылған кезде USB
кабеліндегі үш аша белгішесі жоғары қарап тұрады.
Орнату ақаулықтарын жою 33