HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide

Əрбір желдеткіш сүзгісі үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Қуат қосқышын өшірулі қалпына қойып, USB кабелі мен қуат кабелін
сканерден ажыратыңыз.
2. Сүзгі қақпағын алып тастаңыз.
3. Сүзгіні келесі жолдардың бірімен тазалаңыз:
Сүзгі қалдығын үрлеу үшін қысылған ауаны қолданыңыз.
Сүзгіден қалдықты алып тастау үшін шаңсорғышты қолданыңыз.
Сүзгіні сумен шайыңыз.
Ескертпе Сүзгі ластанған болса, оны жаңа сүзгімен ауыстырыңыз.
Ауыстыру жинағына тапсырыс беру үшін,
www.hp.com/support торабына
өтіңіз.
4. Сүзгі қақпағын тексеріңіз. Лас болса, оны тазалау үшін таза, дымқыл,
мамықсыз матаны қолданыңыз.
5. Сүзгі мен сүзгі қақпағының толығымен құрғақ болуын тексеріңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ Ылғал сүзгі сканерге зақым келтіруі мүмкін.
6. Таза, құрғақ сүзгіні сүзгі қақпағына салып, сканердегі қақпақты ауыстырыңыз.
7. USB кабелі мен қуат кабелін сканерге қайта қосып, Қуат қосқышын қосулы
қалпына қойыңыз.
Беру шығыршығы мен бөлгіш тіректі ауыстыру
Келесі жағдайлардың бірі туындаса, беру шығыршығы мен бөлгіш тіректі
ауыстырыңыз:
Сканерленген беттердегі жолақтар немесе қағаз кептелістері жиі туындаса
жəне құжатты автоматты түрде беру құралын тазалау көмектеспесе.
•HP сканері құралдарының қызметтік бағдарламасының Жөндеу қойындысы
жөндеу қажет уақытты көрсетеді.
Беру шығыршығы мен бөлгіш тіректі ауыстыру 29