HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide
Сканер əйнегін тазартыңыз.
Келесі жағдайларда сканер əйнегін тазалаңыз:
• Жолақтар, таңбалар немесе дақтар сканер əйнегінен сканерленген
суреттерде пайда болады.
• Сканер əйнегінен шаң немесе лас құжатты сканерлегеннен кейін.
• Қоршаған орта шаң.
Сканер əйнегін тазалау үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Қуат қосқышын өшірулі қалпына қойып, USB кабелі мен қуат кабелін
сканерден ажыратыңыз.
2. Сканер қақпағын ашыңыз.
3. Жұмсақ əйнекті тазартқы
шпен дымқ
ылданған жұмсақ, мамықсыз матаны
қолдану арқылы əйнекті тазалаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ Сканер əйнегін тазарту үшін тек қана əйнекті
тазартқышты қолданыңыз. Сканер əйнегіне зақым келтіруі мүмкін
қырғыштары, ацетон, жанармай, көміртек тетрахлориді бар
тазартқыштарды қолданбаңыз. Əйнекте жолақтар қалдыруы мүмкін
изопропил спиртін қолданбаңыз.
Əйнекті тазартқышты əйнекке тікелей шашпаңыз. Егер тым көп
тазартқыш қолданылса, тазартқыш əйнектің астына өтіп, сканерді
зақымдауы мүмкін.
4. Əйнекті құрғақ, жұмсақ, мамықсыз матамен құрғатыңыз.
5. USB кабелі мен қуат кабелін сканерге қайта қосып, Қуат қосқышын қосулы
қалпына қойыңыз.
Ескертпе Əйнектің жоғары бетін тазаласаңыз, əйнектен барлық ласты жəне
кірді кетіре алмасаңыз, əйнектің астын да тазалауға болады. Əйнектің астын
тазалау сканерді бөлшектеуді қажет етеді. Сканер əйнегінің астын тазалау
жолы бойынша нұсқаларды
www.hp.com/support торабынан қараңыз.
Сканердің желдету сүзгілерін тазалау
Сканер екі тұтынушы қол жеткізетін желдеткіш сүзгілерін қамтиды. Осы сүзгілер
желдеткіштерге шаң мен қалдықтар кіруінің алдын алады. Сканер шаң немесе
лас ортада болса, сүзгілерді ай сайын тазалаңыз.
Бап 3
28 Күтім көрсету жəне жөндеу