HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide

4. Бос басып шығару картриджін ауыстырсаңыз, оны картридж орнынан алып
тастау үшін оң жаққа жылжытыңыз.
5. Баспа картриджін бумадан шығарыңыз. Қондырмалардан қорғаныс
лентасын алып тастау үшін ілмекті тартыңыз.
6. Қондырмаларын төмен қаратып жаңа баспа картриджін ұстап тұрып, оны
картридж науасына итеріңіз.
7. Баспа картриджін орнына салу үшін картридж науасының тетігін төмен
тартыңыз.
8. Құжатты автоматты түрде беру құралының ортасын ұстап, сканерлеу үшін
құжатты автоматты түрде беру құралы науасын орнына төмен салыңыз.
9. Басып шығару жұрналының тарихын жаңарту:
a. НР сканері құралдарының қызметтік бағдарламасын ашу үшін
сканердің алдыңғы тақтасындағы Құралдар (
) түймесін басыңыз.
Басып шығару құралы қойындысын нұқыңыз.
b. Картридж күйі бөлімінде Ауыстыруды жазу түймесін басыңыз.
Басып шығару құралын орналастыру
Басып шығару құралының қалпы сканерленген беттегі құжатты беру құралы
таңбасының сол жақ-оң жақ орнын анықтайды.
Ескертпе Жіңішке беттер үшін басып шығару құралы құжатты автоматты
түрде беру құралындағы қағаз енінен тыс орналасқан болса, басып шығару
құралы сканерленген беттерде басып шығара алмайды. Мұндай жағдайда,
сканерлеу аяқталмайды жəне қате хабары компьютер экранында көрсетіледі.
Басып шығару құрылғысын орнату жəне пайдалану 21