HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide
3. Қысуды қосу:
▲ Профайл параметрлері тілқатысу терезесінің Сканерлеу
қойындысында Сканердің қысу мүмкіндігін қолдану (оптималды
жылдамдық үшін) құсбелгісін қойыңыз.
4. Қаншалықты қысу орындалу қажеттігін орнату:
a. Профайл параметрлері тілқатысу терезесінің Сканерлеу
қойындысында Қосымша параметрлер параметрін таңдаңыз.
b. Сипаттар тілқатысу терезесінің Қосымша қойындысында қалаған
қалыпқа Сканердің JPEG қысуы жүгіргісін жылжытыңыз.
Ескертпе Басқа қолданбада JPEG қысуының деңгейін көрсету үшін TWAIN
немесе ISIS Қосымша параметрлер тілқатысу терезесінде өтіп, одан кейін
қалаған қалыпқа Сканердің JPEG қысуы жүгіргісін жылжытыңыз.
Дұрыс берілмеуді (бірнешеуін алуды) анықтауды
ажырату
Сканерге бір уақытта бірнеше беттер берілгенін сезсе, дұрыс берілмеуді
(бірнешеуін алуды) анықтау мүмкіндігі сканерлеуді немесе көшірмелеуді
тоқтатады. Бұл мүмкіндік əдепкі бойынша қосылады.
HP Smart құжатты сканерлеу бағдарламалық құрал профайлында дұрыс
берілмеуді (бірнешеуін алуды) анықтау мүмкіндігін ажырату үшін, осы
қадамдарды орындаңыз:
1. HP Smart құжатты сканерлеу бағдарламалық құралын ашыңыз.
2. Сканерлеу профайлын таңдап, Өңдеу түймесін басыңыз.
3. Профайл параметрлері ті
лқатысу терезесінің Сканерлеу қойындысында
Қосымша параметрлер параметрін таңдаңыз.
4. Сипаттар тілқатысу терезесінің Қосымша қойындысында Қосу құсбелгісін
қойыңыз.
Ескертпе Дұрыс берілмеуді (бірнешеуін алуды) анықтау мүмкіндігін басқа
сканерлеу бағдарламалық құралында ажырату үшін ISIS немесе TWAIN
Қосымша параметрлері тілқатысу терезесіне өтіңіз. Қосымша
қойындысында Қосу құсбелгісін алып тастаңыз.
Қарап шықпай сканерлеу
Сканерлеуді аяқтау үшін HP Smart құжатты сканерлеу бағдарламалық құралын
қолдануға арналған стандартты процесс төмендегідей:
1. Құжат беттерін сканерлеңіз.
2. HP Smart құжатты сканерлеу бағдарламалық құралының Сканерлеу
жұмысының терезесінде сканерленген беттерді қарап шығыңыз.
Қажетінше беттердің тəртібін өзгертіңіз, жойыңыз жəне қайта сканерлеңіз.
Бап 2
18 Пайдалы сканер мүмкіндіктері