HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide

Түпнұсқа бетін сканер əйнегіне төмен қаратып, анықтама таңбасында
көрсетілгендей салыңыз.
Ескертпе Сканерлеу бағдарламалық құралында сканер əйнегіндегі
түпнұсқалардың бағытына сай орналасу параметрін таңдаңыз.
Сканерлеу əдісі
Сканерлеуге арналған негізгі қадамдар:
1. Түпнұсқаларды жүктеңіз.
2. Келесі əрекеттердің бірін орындаңыз:
Тағайындалған бағдарламалық құралмен (жəне сəйкес болса,
профайлмен) сканерлеуді бастау үшін сканердің алдыңғы
тақтасындағы Сканерлеу (
) түймесін басыңыз.
Компьютерде сканерлеу бағдарламалық құралын ашып, ISIS немесе
TWAIN деректер көзін таңдаңыз. Сəйкес параметрлерді таңдап,
сканерлеуді бастаңыз.
Түйіспе Қағаз кептелістерін азайту үшін, сканерленетін беттердің нақты
өлшемдерін көрсететін сканерлеу параметрлерін қолданыңыз.
Түйіспе Екі жақты сканерлеуді немесе көшірмелеуді таңдасаңыз жəне
түпнұсқаларды құжатты автоматты түрде беру құралына жүктесеңіз,
сканер бір уақытта екі жақты түпнұсқаның екі жағын да өңдейді.
Бап 1
10 Сканерді пайдалану