HP Scanjet Enterprise N9120 / Flow N9120 - User's Guide

4. Буманы кіріс науасының ортасына орналастырыңыз. Буманың бетін жоғары
қаратып жүктеңіз. Жылдамырақ сканерлеу үшін буманы құжатты автоматты
түрде беру құралына сол жақ бағыттайтын ұшымен жүктеңіз.
Ескертпе Сканерлеу бағдарламалық құралында құжатты автоматты
түрде беру құралындағы түпнұсқалардың бағытына сай орналасу
параметрін таңдаңыз.
5. Қағаз бағыттауыштарын құжаттардың еніне туралаңыз. Қағаз берілуін
шектеуге болатын бағыттауыштарды қысып тастамаңыз, бірақ қағаз
бағыттауыштарының құжаттардың ұштарына тиетінін тексеріңіз.
6. Науа сенсорын белсендіру үшін, буманы жайлап алға итеріңіз.
Сканер əйнегіне түпнұсқаны салу
Құжатты автоматты түрде беру үшін техникалық сипаттамалары сəйкес келмейтін
элементтерді тікелей сканер əйнегіне салыңыз.
Ең аз өлшем: Кез келген өлшем
Ең үлкен өлшем: 300 x 432 мм (11.8 x 17 дюйм)
Түпнұсқа құжаттарды жүктеу 9