User Guide - Windows 7

Құпиясөз Қызмет
ЕСКЕРТПЕ: Əкімші құпия сөзін Windows жүйесіне
орнатылған əкімші құпия сөзімен алмастыруға болмайды
немесе ол орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе
жойылған күйде көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз алғаш
тексеру кезінде «Press the ESC key for Startup Menu»
(Қосылу мəзірін ашу
үшін, ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетілгенше енгізілсе, Setup Utility (BIOS) утилитасына
кіру үшін əкімші құпиясөзін енгізу керек болады.
Қосылғанда сұралатын құпия сөз
Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын
немесе күту күйінен шыққан сайын енгізу қажет.
Қосылғанда сұралатын
құпиясөзді ұмытып қалсаңыз,
компьютерді қосу немесе қайта қосу жəне күту
күйінен шығу мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Əкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын
құпиясөз орнына қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз
орнатылған, енгізілген,
өзгертілген немесе жойылған
күйде көрсетілмейді.
Əкімші құпиясөзін немесе қосылғанда сұралатын құпиясөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату,
өзгерту немесе жою:
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын компьютерді қосу немесе өшіріп, қайта қосу арқылы
ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу
мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін
басыңыз.
2. Көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Іске қосу мəзірі көрсетіліп
тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз.
3. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы
нұсқауларды
орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған
кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі жəне
желіаралық қалқаны бар
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының
сынақ нұсқасы компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған
вирустардан жəне басқа қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін
вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы
керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін
қауіпсіздік бағдарламалық құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе
таңдауыңыз бойынша бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
50
9-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау