User Guide - Windows 7

Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-жарақтар) >
Служебные (Жүйелік құралдар) > Дефрагментация дисков (Дискіні дефрагментациялау)
тармақтарын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұ
сқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk
Cleanup құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-жарақтар) >
Служебные (Жүйелік құралдар) >
Очистка диска (Дискіні тазалау) тармақтарын таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы
мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді
жаңарту компьютерге ең соңғы
технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
HP бағдарламалары мен дискілерінің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алу үшін,
http://www.hp.com/
support торабына өтіңіз. Бұған қоса, жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты
түрде алу үшін тіркеліңіз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
Диметил бензиль аммоний хлориді ең көбі 0,3 пайыз концентрация (мысалы: бір рет
қолданылатын майлықтардың брендтері əртүрлі болады).
Құрамында спирті жоқ əйнек тазалағыш сұйықтық
Жұмсақ сабын қосылған
су
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ
антистатикалық шүберек)
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді
пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз,
спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид жəне көмірсутектер сияқты ингредиенттердің
өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде,
кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
45