User Guide - Windows 7
2. Батареяны бекіту ысырмасын (2) құлыптау позициясына орнатыңыз.
Батарея ақпаратын табу
Анықтама жəне қолдау орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған Анықтама жəне қолдау бөлімінде орналасқан Battery
Check (Батареяны тексеру) құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған мөлшерлеу, қуатты
басқару жəне
техникалық қызмет көрсету мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратты ашу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) > Обучение
(Үйрену) > Часто задаваемые вопросы: в схемах управления питанием
(Қуат жоспарлары: жиі қойылатын сұрақтар) тармақтарын таңдаңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін ұзартуға қатысты келесі
кеңестерді пайдаланыңыз.
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Сохранение питания (Қуат
үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
●
Компьютер қолданыста болмағанда немесе зарядталмағанда
компьютерден батареяны
шығарып алыңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
37