User Guide - Windows 7
Компьютерде аудио параметрлерін өзгерту немесе растау үшін, Пуск (Бастау) > Панель
управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппарат жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Компьютерлердің көбінде аналогтық бейне құрылғысын қосуға мүмкіндік беретін VGA порты
болады. Ал кейбір компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе теледидарды
қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын тексеріңіз.
VGA мониторын немесе проекторды қосу (тек таңдаулы үлгілерде)
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында
немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына
жалғаңыз.
Мониторды немесе проекторды жалғау:
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте
көрсетілгендей жалғаңыз.
2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кең
ейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
Бейнені пайдалану
23