User Guide - Windows 7

1
Қосылғанда жанатын шам
Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып
табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар,
компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға
болатын орындар
туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Ең жақсы тəжірибе
Қаржы салымыңызды қорғау үшін, компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін,
келесі əрекеттерді орындау ұсынылады:
Əлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз. Егжей-тегжейлі
ақпаратты
Желіге қосылу (15-бет) бөлімінен қараңыз.
Компьютердің аппараттық жəне бағдарламалық құралымен танысыңыз. Ақпарат алу үшін,
Компьютермен танысу (4-бет) немесе Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану (20-бет)
бөлімін қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал сатып алыңыз немесе жаңартыңыз. Қосымша
ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (51-бет) бөлімінен қараңыз.
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне
қалпына келтіру (58-бет) бөлімін қараңыз.
Қызықты əрекеттер
Компьютерден YouTube бейнелерін көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді
теледидарға жалғап, бейнені теледидардан көруге болатынын білесіз бе? Қосымша
ақпаратты
HDMI құрылғысын жалғау (24-бет) бөлімінен қараңыз.
Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз. Ал компьютерге тікелей
эфирдегі радионы орнатып, бүкіл əлемдегі радио арналарының музыкасы мен
бағдарламаларын тыңдай алатыныңызды білесіз бе?
Дыбысты пайдалану (22-бет)
бөлімін қараңыз.
Microsoft
®
бағдарламаларын пайдаланып керемет презентациялар жасай алатыныңызды
білесіз. Ал, ойларыңызды топпен бөлісу үшін компьютерді проекторға қосуға болатынын
білесіз бе?
VGA мониторын немесе проекторды қосу (тек таңдаулы үлгілерде) (23-бет)
бөлімін қараңыз.
Ең жақсы тəжірибе
1