User's Guide

Тұтынушыға жөндеуге қатысты қолдау көрсету
Егер компьютерді жөндеу керек болса немесе бөлшектерін ауыстыру керек болса, сізде екі таңдау
бар:
Көптеген бөлшектер тұтынушылар тарапынан ауыстырылады. Бұл жөндеудің ең тез әдісі,
өйткені көбінесе HP бөлшекті аз күндер ішінде тікелей үйіңізге немесе фирмаңызға жібере алады.
ұл опция барлық елдерде немесе аймақтарда қол жетімді болмайды.)
Егер жөндеу қажет болса, HP тұтынушыларды қолдау орталығы компьютеріңізді жөндеу
уақытын анықтайды.
Бұл қызметтер кепілдік кезеңінде қамтылады.
Кепілдікте кейбір шектеулер мен қиыс жағдайлар көрсетілген (маңызды мәліметтермен бірге), олар HP
әлем бойынша шектеулі кепілдігі мен техникалық қолдауы нұсқаулығында берілген.
Құрылғыны жаңарту алдында
Қнадай да бір құрылғыны жаңарту қажет болса, жаңа компьютерді орнатқаннан кейін жаңартыңыз.
Компьютерді орнату туралы нұсқаулары үшін Орнату нұсқаулары немесе Жылдам орнату
парақшасын немесе Компьютермен танысу (3-бет) қараңыз. Жүйені орнату және қосу орындалмаса,
осы тарауда берілген қадамдарды қолданып, бірден HP қолдау орталығына хабарласыңыз. Мұны
жүйені жаңартуға әрекет жасау алдында орындау керек.
Компьютердің артындағы қауіпсіздік пломбасын бұзу арқылы, сіз компьютердің жүйені жаңартуға
әрекет жасау алдында дұрыс жұмыс істегенін растайсыз. Қауіпсіздік пломбасын бұзғаннан кейін,
компьютеріңіз, жергілікті заң рұқсат ететін шекте HP әлемдік шектеулі кепілдігі мен техникалық
қолдауы ішінде көрсетілген шарттар мен талаптармен қамтылады.
Тұтынушыға жөндеуге қатысты қолдау көрсету 51