User's Guide
8 Ақауларды жою
Келесі кестелер орнату, іске қосу немесе компьютерді пайдалану кезінде орын алатын ақауларды
және олардың шешімдерін көрсетеді.
Қосымша ақпарат немесе ақауларды жою бойынша қосымша опцияларды алу үшін,
http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіп, өнімді табу нұсқауларын орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Монитор немесе принтер сияқты перифериялық құрылғыларды компьютеріңізбен бірге
пайдалануда қиындықтар туындаса, ауқымды ақауларды жою үшін өнім өндірушісі тарапынан
берілген құжаттаманы қараңыз.
Компьютер қосылмайды
Кесте 8-1 Компьютер симптомдары мен шешімдері
Белгі Мүмкін болатын шешім
Қателік хабары:
қатты дискі қателігі
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
а. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз.
ә. Питание (Қуат) белгішесін таңдап, Перезагрузка (Қайта іске қосу) опциясын таңдаңыз.
– немесе –
Компьютерді өшіру үшін компьютердегі қуат түймесін 5 немесе одан артық секунд басып тұрыңыз және
компьютерді қайта іске қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Windows операциялық жүйесі ашылса, барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін қатты дискіге жазып
алыңыз.
3. Қолдау орталығына хабарсаыңыз (Windows жүйесі қосылса да, қосылмаса да).
Компьютер
қосылмайды немесе
іске қосылмайды.
Компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғанып тұрған кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Компьютердің
қуат жабдықтаудың жасыл шамы жанып тұруы тиіс; Олай болмаса, басқа айнымалы ток розеткасын пайдаланып
көріңіз. Егер әлі де проблема болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
АТ розеткасының кернеуі компьютердің электр кернеуіне сай болуын қадағалаңыз.
Айнымалы ток розеткасын басқа электр құрылғыларын қосу арқылы тексеріңіз.
Мүмкін болса қуат көзіндегі сүзгілер мен тұрақтандырғыштарды алып, АТ розеткасына тікелей жалғаңыз.
Сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. Компьютер өшпейінше, қуат түймешігін кемінде 15 секунд басып
тұрыңыз. Содан кейін компьютерді іске қосу үшін, қуат түймешігін қайта басыңыз.
Монитор экраны ештеңе көрсетпесе, монитор дұрыс жалғанбаған болуы мүмкін. Мониторды компьютерге қосып,
қуат сымын айнымалы ток көзіне жалғаңыз, одан кейін мониторды қосыңыз. Монитор (тек таңдаулы өнімдерде)
(29-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютер жауап
бермейді.
1. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз.
2. Тапсырмалар реттеушісі опциясын таңдаңыз.
3. Жауап бермеген кез-келген бағдарламаны таңдап, Тапсырманы аяқтау пәрменін таңдаңыз.
Бағдарламаларды жабу ақаулықты жөндемесе компьютерді қайта бастаңыз.
1. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз.
2. Питание (Қуат) белгішесін таңдап, Перезагрузка (Қайта іске қосу) опциясын таңдаңыз.
28 8-тарау Ақауларды жою