User's Guide

Әрекеттік пернелер
Компьютер үлгісіне қарай пернетақтаңыз төмендегі пернелерді қолдауы мүмкін.
Кесте 5-1 Әрекеттік пернелер
Белгіше Сипаттама
«Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі» веб-бетін ашады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор
компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады. Таңдаулы өнімдерде
пернетақтаны жарықтандыру жарықтығын реттеуге болады. Пернені қайта басу арқылы жарықтық
деңгейі жоғары (компьютерді бірінші рет бастаған кезде жанады), төмен, өшірулі болып реттеледі.
Пернетақтаны жарықтандыру параметрі реттелгеннен кейін, компьютерді бастаған сайын,
жарықтандыру опциясы алдыңғы болып реттелген параметрден басталады. Компьютер 30 секунд
ішінде әрекетсіз тұрса, пернетақтаның артқы жарығы өшеді. Пернетақтаның артқы жарығын қайта
қосу үшін кез келген пернені басыңыз. Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Аудио CD, DVD немесе Blu-ray (BD) дискілерінің алдыңғы жолын ойнатады.
Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатуды бастайды, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
Аудио CD, DVD немесе BD дискілерінің келесі жолын ойнатады.
Ықшам дискінің, DVD немесе BD дискісінің дыбыс немесе бейне ойнатуын тоқтатады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Спикер дауысын үнсіздендіреді немесе қайта қосады.
Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Ұшу режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Ұшу режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Пернетақтаны және тінтуірді пайдалану 21