User's Guide
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Звуки (Дыбыстар) пәрменін
таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Сандық дисплей құрылғыларын DisplayPort кабелі арқылы қосу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Сандық дисплей құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын Dual-Mode
DisplayPort (DP-DP) кабелі қажет болады.
Шағын Dual-Mode DisplayPort арқылы жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді қосымша
сандық дисплей құрылғылары қосылады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда шағын Dual-
Mode DisplayPort өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады.
1. Dual-Mode DisplayPort кабелінің бір ұшын компьютердегі шағын Dual-Mode DisplayPort портына
жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сандық дисплей ұясына жалғаңыз.
3. Төрт дисплей күйі арасында ауыстыру үшін, f4 түймесін басыңыз:
● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
● Қос: экрандағы бірдей кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
Бейнені пайдалану 17