User's Guide
Бейне құрылғыларын VGA кабелі арқылы қосу (таңдаулы үлгілерде ғана)
ЕСКЕРТПЕ: VGA бейне құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын VGA кабелі қажет
болады.
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында немесе
проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына жалғаңыз.
1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей
жалғаңыз.
2. Төрт дисплей күйі арасында ауыстыру үшін, f4 түймесін басыңыз:
● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру.
● Кеңейтілген: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер «Расширение» (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймешігін
басыңыз, Параметры (Параметрлер) белгішесін , кейін Система (Жүйе) опциясын таңдаңыз.
Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения
(Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану 15