User's Guide

Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес
бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен
компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Компьютер ішіндегі компоненттерге кіру қажет болғанда
USB не бейне портына немесе құлақаспап не микрофон ұяшығына жалғанбайтын сыртқы
жабдықты жалғағанда
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде
Компьютерді қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows жүйесінің
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрменін қолдану болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу
арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
ұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе және жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедураларын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз, Питание (Қуат) белгішесін таңдаңыз, содан кейін Завершение
работыұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Қуат түймешігін кемінде 10 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
USB порттары
Компьютерде көрсетілген USB порттарының біреуі немесе бірнешеуі болуы мүмкін.
Кесте
2-1 USB порттары мен сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
USB порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер тасымалын
қамтамасыз етеді.
HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB порты
USB құрылғысын жалғайды, деректер беруді қамтамасыз
етеді және компьютер өшірулі болса да, ұялы телефон,
камера, әрекет бақылаушысы немесе смарт сағат сияқты
өнімдердің көбісін зарядтайды.
USB SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
USB SuperSpeed Plus порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
Компьютерді орнату 5