User Guide - Windows 8.1
д. Жүктегіңіз келетін әр жаңартудың жанындағы жүктеу пәрменін басыңыз.
е. Әр жүктелген жаңартуды орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Қосымша ақпарат немесе жаңартулардың басылған нұсқасын компьютердің қорабынан қараңыз.
Компьютер орнатудың бастапқы қадамдарын аяқтаған соң, қосымша апараттық құрылғылар немесе
бағдарламалар орнату қажет болуы мүмкін. Компьютеріңіз үшін жабдықтарды сатып алғанда
амалдық жүйе, жад және басқа талаптарды тексеріп алыңыз. Жаңа бағдарламаны орнату үшін
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Лицензиясы бар түпнұсқа бағдарламаны ғана қолданыңыз. Бағдарламаның көшірмесін
орнату нәтижесінде компьютерге вирус жұқтыруыңыз мүмкін немесе ондай қолданыс заңсыз болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік жүйесі ондай мәселені анықтау үшін орнатылғанымен ұрлық, қате қолданыс
немесе бағдарламаға шабуыл мүмкіндігіне төтеп бере алмауы мүмкін.
Интернетке жалғау (таңдаулы үлгілерде)
Сымсыз желіге қосылу:
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жергілікті аймақтық желі (WLAN) орнатып, интернетке қосылу үшін, кеңжолақты
модем (DSL немесе кабель) (бөлек сатылады), жоғары жылдамдықты интернет провайдері мен
сымсыз роутер (бөлек сатылады) қажет.
1. Шебер түймелерді көрсету үшін меңзерді бастау экранынан немесе Windows жұмыс үстелінен
экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі сол жақ бұрышына бағыттаңыз.
2. Настройки (Параметрлер) тармағын таңдаңыз да, желі күйінің таңбасын басыңыз.
3. Тізімнен WLAN жүйесін таңдаңыз.
4. Қосу пәрменін басыңыз.
Егер WLAN қауіпсіздігі қосылған болса, қауіпсіздік кодын енгізу қажет болады. Кодты теріп,
байланысты аяқтау үшін Кіру түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер тізімде WLAN-дар болмаса, сіз сымсыз рутер немесе жетімділік нүктесінің
аумағынан тыс болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Өзіңіз қосылғыңыз келген WLAN көрінбесе, жұмыс үстелінен желі күйінің таңбасын
басыңыз да, желі және бөлісу орталығын ашу пәрменін басыңыз. Жаңа байланыс немесе жаңа
желі орнату пәрменін таңдаңыз. Желіні қолмен іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі
байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
5. Байланысты аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Байланыс орнатылған соң, байланыстың атауы мен күйін растау үшін, меңзерді хабарландыру
аймағындағы тапсырмалар бағанасының оң жақ түбіндегі желі күйінің таңбасына қарай бағыттаңыз.
Сымсыз технология туралы қосымша мәлімет алу үшін, анықтама және қолдау бөліміндегі ақпаратты
қараңыз немесе Анықтама және Қоллдау нұсқаулығындағы вебсайт сілтемелерін қараңыз. Бастау
экранына с әрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (анықтама және қолдау) тармағын
таңдаңыз
.
Сымды желіге қосылу үшін:
1. 8-істікті, RJ-45 (желі) кабелін компьютердің желі ұясына жалғаңыз.
2. Желі кабелінің екінші ұшын қабырғадағы желі ұясына немесе роутерге жалғаңыз.
4 2-тарау Компьютерді орнату