User Guide - Windows 8.1

2 Компьютерді орнату
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін:
Компьютерді су, шаң, ылғал және күйе тимейтін жерге қойыңыз. Аталған қоршаған орта
факторлары компьютердің ішкі температурасын көтеріп, өрт шығу немесе ток соғу қаупін
тудыруы мүмкін.
Жерге тұйықтап тұрған ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы – өте маңызды қауіпсіздік
бөлшегі.
Қуат сымын кез-келген уақытта оңай қол жететін жердегі айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
Жабдықтың қуатын қуат сымының ашасын айнымалы токтан суыру арқылы өшіріңіз. Лазер
сәулесінің тікелей түсуін болдырмау үшін
CD немесе DVD дискілерінің сыртын ашуға тырыспаңыз.
Қуат жабдықтау жүйесі компьютер сатылатын елдің немесе аймақтың талаптарына сай
жасалған. Егер бақса жерде қолдансаңыз, компьютердің айнымалы токқа қоспас бұрын
вольттыққа қатысты жерілікті талаптарды тексеріп алыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін Қауіпсіз және оңтайлы қолданыс нұсқаулығын оқып шығыңыз.
Бұл нұсқаулықты келесі веб-сайттан қарауға болады. http://www.hp.com/ergo.
1. Компьютерді желдеткіштері жабылып қалмайтындай, кабельдері жүріске кедергі
жасамайтындай немесе үстіне ауыр жиһаз қойылып, бүлініп қалмайтындай етіп
орналастырыңыз.
2. Монитор, компьютер және басқа жабдықтардың қуат сымдарын үзіліссіз қуат жабдықтайтын
құралға (UPS) жалғағанда, қуат толқынын анықтап, одан қорғайтын құрал қолдануға кеңес
береміз. Егер компьютерде ТД реттегіш, модем немесе телефонға жалғағыш болса, компьютерді
сигналдық белгісі бар қуат толқынын анықтағыш арқылы қорғаңыз. Теледидар кабелі немесе
телефон сымын қуат толқынынан қорғайтын құралға жалғаңыз, одан кейін құралды
компьютерге жалғаңыз.
3. Амалдық жүйе жаңартуларын жүктеу және орнату.
а. Компьютер қолданып тұрған амалдық жүйе мен оның нұсқаларын анықтау.
Бастау экранына панель управления деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы)
опциясын таңдаңыз. Немесе, Windows жұмыс үстелінен Бастау түймесінің оң жағын басып,
Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе
және қауіпсіздік), одан кейін Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
ә. Интернет шолғышты ашып, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-
сайтына барыңыз.
б. Қажет болса, еліңіз бен тіліңізді басып, Поддержка (Қолдау) түймесін, сосын Загрузка
драйверов (Драйверлерді жүктеу) түймесін басыңыз.
в. Компьютер үлгісінің атауы мен нөмірін Find by product field (Өнім өрісі бойынша табу) өрісіне
енгізіп, Go (Өту) түймесін басыңыз.
г. Қажет болса, компьютер үлгісін өнімді іздеу нәтижелері терезесінен қараңыз.
ғ. Компьютердің амалдық жүйесін таңдаңыз.
3