User Guide - Windows 8.1

8 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК
құралын диагностикалау) қызметін
пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл
құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін
диагностикалық тексеру мүмкіндігін береді. Диагностикалау процесі амалдық жүйеден тыс жұмыс
істейді, осылайша ол амалдық жүйе немесе басқа бағдарламалық құрамдастар себеп болған
ақаулықтарды тиімді түрде жояды.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC
key for Startup Menu» (Қосылу мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп
тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мәзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалау құралдарын үш жерден төмендегі тәртіппен іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы
ақпаратты USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау)
мүмкіндігін жүктеу (26-бет) бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. Базалық кіріс-шығыс жүйесі
2. Диагностикалау құралы ашылған кезде, іске қосқыңыз келген диагностикалық сынақтың түрін
таңдау үшін пернетақтадағы көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, сосын экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК
құралын диагностикалау) мүмкіндігін жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК құралын диагностикалау) құралын жүктеп алу
туралы нұсқаулар тек ағылшын тілінде беріледі.
HP ДК Жабдықтар диагностикаларын USB құрлғысына жазып алудың екі жолы бар:
1-ші жолы: HP PC диагностикалар негізгі беті— UEFI ең соңғы нұсқасын ұсынады
1. http://hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз.
2. UEFI Жүктеу сілтемесін басыңыз, одан кейін Қосу пәрменін таңдаңыз.
2-ші жолы: Қолдау және Драйверлер беті—Қандай да өнімнің бұрынғы немесе соңғы нұсқаларын
ұсынады
26 8-тарау HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК құралын диагностикалау) қызметін пайдалану