User Guide - Windows 8.1

1. Процессордағы желдеткіштерді шаңсорғышпен тазалаңыз.
2. Компьютер коннекторларында (мысалы, Ethernet және USB коннекторлары) және жанында
жиналған қоқыстардан тазалаңыз.
Пернетақта мен тінтуірді тазалау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне
тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөлшектерін бүлдірмеу үшін, сұйықтықтың пернелер арасына тамбауын қадағалаңыз.
Пернетақта мен тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың біреуіне суланған
жұмсақ микроталшықты матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын антисептикалық
майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды және
қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр құтыдағы қысылған ауаны пайдаланыңыз.
Шарлы тінтуірдің ішіндегі дөңгелек пен шарды тазалаңыз:
1. Тінтуірдің төменгі жағын жоғары қаратып, сақинаны алып тастап, шарды босату үшін шар
қақпағының сақинасын сағатқа қарсы бұрыңыз.
2. Шарды сабын мен жылы сумен жуып жіберіңіз.
3. Тінтуірдің ішіндегі шарды изопропильді (медициналық) спиртпен суланған мақтамен тазалаңыз.
4. Шарлар жақсылап құрғағанда, дөңгелек пен дөңгелек қақпағын ауыстырыңыз.
Компьютерді тазалау 25