User Guide - Windows 8.1
компьютерде орнатылған CD немесе DVD жазу құрылғысының бағдарламасын
пайдаланыңыз. Деректерді сыртқы қатты дискіге ауыстыруға болады.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
●
Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, әртүрлі компаниялар
шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде)
●
Спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
●
Жұмсақ сабын қосылған су
●
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық
шүберек)
●
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бүлдіретін күшті тазалағыш ерітінділерді қолданбаңыз. Егер тазалағыш
заттың компьютерге залалды емес екеніне сенімді болмасаңыз, өнімнің құрамын тексеріп, спирт,
ацетон, аммоний хлориді, метил хлориді, көмірсутегі сияқты ингредиенттердің болмауын
қадағалаңыз.
Қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар компьютерді сызаттауы мүмкін. Уақыт өткенде, кір
және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рәсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз:
●
Компьютерді өшіріңіз.
●
Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
●
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөлшектерін бүлдірмес үшін, компьютердің беткейіне тазалағаыш заттарды немесе
сұйықтықтарды шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ: Тазартқыш құралын экранға тікелей шашпаңыз немесе оған қоймаңыз.
Дисплейдің жақтаулары мен экранын жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз әйнек тазалау сұйығымен
дымқылданған шүберекпен абайлап сүртіңіз.
Компьютер желдеткіштерін тазалау
Ауа желдеткіштері компьютерді салқындатып тұрады. Кішкентай, батареямен зарядталған
шаңсорғышты пайдалану арқылы осы желдеткіштерді таза ұстаңыз. (Батареямен зарядталған
шаңсорғыш ток соғудан сақтайды.)
24 7-тарау Техникалық қызмет көрсету