User Guide - Windows 8.1
Қалпына келтіру медиасын таңдау
●
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютеріңізде DVD дискілерге жазу құралы болуы
керек және тек жоғары сапалы бос DVD+R немесе DVD-R дискілерін пайдалану керек.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін ықшам дискілерді немесе DVD+RW, DVD-RW,
DVD+RW DL немесе DVD-RW DL дискілерін пайдалану мүмкін емес.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасасаңыз, қалпына келтіру дискілерінің жиынын жасау үшін
жоғары сапалы дискілерді пайдаланып жатқандығыңызға сенімді болыңыз. Ақаулық табылған
жағдайда дискілердің қабылданбауы қалыпты жағдай. Сізге әрекетті қайталау үшін жаңа бос
дискіні салу ұсынылады
.
●
Қалпына келтіру дискілер жиынындағы дискілердің саны компьютеріңіздің үлгісіне байланысты
(әдетте 1-5 DVD дискісі). Қалпына келтіру дискісін жасау бағдарламасы жиынды жасау үшін
қажет бос дискілердің нақты санын айтады.
●
Жоғары сапалы бос USB флэш жадын пайдаланып, қалпына келтіру USB флэш жадын жасауды
таңдауға болады. Егер USB флэш жадын пайдаланып жатсаңыз, бағдарлама барлық деректерді
сақтау үшін қажет дискі өлшемін айтады (ең кемі 16 ГБ).
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру ақпарат тасушыларын жасау процесі тасушыда ақпараттың
жазылғандығын тексеру үшін бірнеше уақыт алады. Процестен кез келген уақытта шыға аласыз.
Бағдарламаны келесі рет іске қосқанда, ол қалдырылған жерден жалғасады.
Қалпына келтіру медиасын жасау
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін:
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. Бастау экранында восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар
тізімінен
HP қалпына келтіру менеджері тармағын таңдаңыз. Сұралса, бағдарламаға
жалғастыруға рұқсат ету үшін Да (иә) түймесін басыңыз.
3. Бос DVD дискісі арқылы қалпына келтіру тасығышын жасау пәрменін таңдап, Келесі түймесін
басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жасағанда әр дискіге белгі қойыңыз (мысалы, 1-қалпына
келтіру, 2-қалпына келтіру).
Қалпына келтіру USB флэш жадын жасау үшін:
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. USB флэш жадын компьютердің USB портына қосыңыз.
3. Бастау экранында восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар
тізімінен HP қалпына келтіру менеджері тармағын таңдаңыз. Сұралса, бағдарламаға
жалғастыруға рұқсат ету үшін Да (иә) түймесін басыңыз.
4. Қалпына келтіру тасығышын жасау пәрменін таңдаңыз, USB флэш жады параметрін таңдап,
Келесі түймесін басыңыз.
5. Ақпарат тасушылар тізімінде USB флэш жадын таңдаңыз. Бағдарлама сізге қалпына келтіру
дискісін жасау үшін қажет бос орынды айтады. Егер USB флэш жадында жеткілікті бос орын
болмаса (ең кемі 16 ГБ), ол экранда сұр болып көрінеді және жалғастыру мүмкін болмайды.
Далее түймесін басыңыз.
Қалпына келтіру ақпарат тасушылары 21