User Guide - Windows 8.1
Қалпына келтіру медиасы арқылы жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді және
бағдарламаларды жояды. Алынбалы дискіге немесе USB флэш жадына барлық маңызды деректердің
сақтық көшірмесін жасаңыз.
Қалпына келтіру ақпарат тасушыларын жасау үшін Қалпына келтіру медиасын жасау (21-бет)
бөлімін қараңыз.
Қалпына келтіру медиасы көмегімен жүйені қалпына келтіру үшін:
1. Компьютер жұмыс істеп тұрса, сақтау керек барлық файлдарды қамтитын сақтық көшірме DVD
дискісін немесе сақтық көшірме USB флэш жадын жасаңыз, содан кейін сақтық көшірме ақпарат
тасушысын компьютерден алыңыз.
2. Қалпына келтіру DVD дискісін пайдалансаңыз, DVD дискі науасына № 1 қалпына келтіру дискісін
салып, науаны жабыңыз. Егер қалпына келтіру USB флэш жадын пайдалансаңыз, оны USB
портына салыңыз.
3. Компьютер жұмыс істеп тұрса, шебер түймешіктер құралдар тақтасын көрсету үшін курсорды
«Бастау» экранынан экранның төменгі оң бұрышына жылжытып, Параметрлер, Қуат белгішесін,
сосын Жұмысты аяқтау опциясын таңдаңыз. Немесе, Windows жұмыс үстелі арқылы Бастау
түйменісінің оң жағын басып, Завершить работу (Өшіру) пәрменін таңдаңыз немесе жүйеден
шығып, Завершить работу (Өшіру) пәрменін басыңыз.
– немесе –
Немесе, компьютер жауап бермсе, қуат түймесін 5 секундтай немесе компьютер өшкенше басып
тұрыңыз.
4. Компьютерден монитор, пернетақта және тінтуірден басқа барлық сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
5. Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз. Қалпына келтіру DVD дискісін пайдалансаңыз,
компьютер дискідегі HP қалпына келтіру менеджері бағдарламасын автоматты түрде іске
қосады. 7-қадамға өтіңіз.
6. Жүйені қалпына келтіруді USB флэш жадынан іске қоссаңыз, компьютер іске қосу мәзірін ашу
барысында еsc пернесін басыңыз. Көрсеткі пернелермен USB құрылғысын таңдап, сол
құрылғыдан іске қосу үшін еnter пернесін басыңыз.
7. Қалпына келтіру медиасы мен қатты дискінің біреуін таңдау қажет болса, медиа опциясын
таңдап, келесі түймесін басыңыз.
8. Зауыттық параметрлері тармағын таңдаңыз.
9. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру ақпарат тасушылары
Қалпына келтіру медиасын бос DVD дискілерінде немесе USB флэш жадында жасауға болады (екеуінің
біреуі, бірден екеуі емес). Қатты дискіде сақталған қалпына келтіру кескінінен қалпына келтіру
медиасын жасаңыз. Бұл кескінде компьютерге бастапқыда өндіруші орнатқан операциялық жүйе
және бағдарлама файлдары бар. Компьютер үшін қалпына келтіру ақпарат тасушысының бір жиынын
жасауға болады және ақпарат тасушысын тек осы компьютермен пайдалануға болады. Қалпына
келтіру ақпарат тасушысын қауіпсіз жерге сақтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Microsoft Windows жүйесінің нұсқасы орнатылмаған күйде жеткізілген жүйелерде кейбір
мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
20 6-тарау Жүйені қалпына келтіру