User Guide - Windows 8.1
Егер компьютер жұмыс істеп тұрып, Windows жүйесі пәрмендерге жауап берсе, жүйені мына
қадамдарды орындап қалпына келтіріңіз.
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерден монитор, пернетақта және тінтуірден басқа барлық сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
4. Бастау экранында восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар
тізімінен
HP қалпына келтіру менеджері тармағын таңдаңыз. Сұралса, бағдарламаға
жалғастыруға рұқсат ету үшін Да (иә) түймесін басыңыз.
5. HP қалпына келтіру ортасы параметрін таңдап, қайта іске қосу үшін OK түймесін басыңыз.
6. Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер жүйе қалпына келтіру бөлімін анықтамаса, ол қалпына келтіру ақпарат
тасушысын салуды ұсынады. Дискіні немесе USB флэш дискісін салыңыз, Иә пәрменін таңдаңыз,
одан кейін компьютерді қайта бастап, HP қалпына келтіру менеджерін дискіден немесе USB
дискісінен қосу үшін Келесі түймесін басыңыз. Дискілерді пайдаланып жатсаңыз, сұралғанда
келесі жүйені қалпына келтіру дискісін салыңыз.
8. Қалпына келтіру аяқталған кезде, компьютерді өшіріңіз, барлық перифериялық құрылғыларды
қайта қосыңыз, сөйтіп компьютерді қайта қосыңыз.
Жүйені бастау барысында жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді және
бағдарламаларды жояды. Алынбалы дискіге немесе USB флэш жадына барлық маңызды деректердің
сақтық көшірмесін жасаңыз.
Егер Windows жүйесі жауап бермесе, бірақ компьютер жұмыс істеп тұрса, жүйені төмендегі
қадамдарды орындап қалпына келтіріңіз.
1. Компьютерді өшіріңіз. Қажет болса, қуат түймесін компьютер өшкенше басып тұрыңыз.
2. Компьютерден монитор, пернетақта және тінтуірден басқа барлық сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
3. Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз.
4. Компания логотипі бар бастапқы экран көрсетілгенде, F11 пернесін экранда Жүктеу
параметрлері мәзірі пайда болғанша қайта-қайта басыңыз.
5. Ақаулықтады жою бөлімін таңдаңыз.
6. Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
8. Қалпына келтіру аяқталған кезде, компьютерді өшіріңіз, барлық сыртқы құрылғыларды қайта
қосыңыз, одан кейін компьютерді қайта қосыңыз.
Жүйені қалпына келтіру мүмкіндіктері 19