User Guide - Windows 8.1
Белгі Мүмкін болатын шешім
5. Драйверді жаңарту үшін Драйверді жаңарту түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Драйвердің алдыңғы нұсқасын қайтару үшін Roll Back Driver (драйверді қайтару) пәрменін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Microsoft жүйесін
қалпына келтіру
Егер компьютерде орнатылған бағдарламаға байланысты ақаулық пайда болса, компьютерді алдыңғы қалпына
келтіру нүктесіне қайтару үшін жүйені қалпына келтіру функциясын пайдаланыңыз. Қалпына келтіру нүктелерін
қолмен орнатуға болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Жүйені қалпына келтіру бағдарламасын пайдалану алдында әрқашан осы Жүйені қалпына
келтіру процедурасын орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді немесе қалпына келтірілетін орындарды қолдап қосу үшін:
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. Бастау экранына панель управления деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын
таңдаңыз. Немесе, Windows жұмыс үстелінен Бастау түймесінің оң жағын басып, Панель управления (Басқару
тақтасы) тармағын таңдаңыз.
3. Жүйе және қауіпсіздік, Жүйе сосын Жүйені қорғау опциясын таңдаңыз.
4. «Жүйе сипаттары» экранындағы Жүйені қорғау қойындысын басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық
құралды немесе
аппараттық құрал
драйверін қайта
орнату
Өндіруші орнатқан бағдарламалық құрал немесе аппараттық құрал драйверлерінің біреуі зақымдалған болса, оны
HP Recovery Manager (HP қалпына келтіру менеджері) бағдарламасын пайдаланып қайта орнатуға болады
(таңдаулы үлгілерде ғана).
ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге берілген CD немесе DVD дискілерімен келген бағдарламалық құралдарды қайта
орнату үшін HP қалпына келтіру менеджері пайдаланбаңыз. Бұл бағдарламаларды CD немесе DVD
дискіжетектерінен тікелей қайта орнатыңыз.
Бағдарламаны жоюдан бұрын оны қайта орната алатыныңызға сенімді болыңыз. Оның түпнұсқа дереккөзден қол
жетімді болуын тексеріңіз (мысалы, дискілер немесе интернет). Болмаса, бағдарламаның HP қалпына келтіру
менеджері тізімінде болуын қадағалаңыз (төмендегі қадамдарды қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Microsoft Windows жүйесінің нұсқасы орнатылмаған күйде жеткізілген жүйелерде кейбір мүмкіндіктер
қол жетімді болмауы мүмкін.
Орнатуға болатын бағдарламалар тізімін тексеру үшін немесе HP қалпына келтіру менеджерінде бағдарламаны
қайта орнату үшін:
1. Бастау экранынан восстановить (қалпына келтіру) сөзін теріңіз, одан кейін Диспетчер аварийного
восстановления (Қалпына келтіру менеджері) тармағын таңдаңыз. Сұралса, бағдарламаға жалғастыруға
рұқсат ету үшін Да (иә) түймесін басыңыз.
2. Переустановка компьютерной программы (Бағдарламаны қайта орнату) немесе Переустановка драйвера
оборудования (Жабдықтық құралдың драйверін қайта орнату) тармағын басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Бағдарламаны жою үшін:
1. Барлық бағдарламалық құралдарды және қалталарды жабыңыз.
2. Бастау экранына панель управления деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын
таңдаңыз. Немесе, Windows жұмыс үстелінен Бастау түймесінің оң жағын басып, Панель управления (Басқару
тақтасы) тармағын таңдаңыз.
3. Бағдарламар параметрінің астындағы Бағдарламаны жою түймесін басыңыз.
4. Жойғыңыз келетін бағдарламаны таңдап, Жою түймесін басыңыз.
Бағдарлама ақаулықтарын жөндеу 17