User Guide - Windows 8.1

Үндеткіштер мен дыбыс
Белгі Мүмкін болатын шешім
Дыбыс деңгейі өте төмен
немесе нашар.
Үндеткіштердің компьютердің артқы жағындағы аудио шығыс (қара) ұясына қосылғандығын қадағалаңыз.
(Бірнеше арналы үндеткіштер үшін қосымша дыбыс ұялары пайдаланылады.) Жақсы дыбыс шығармайтын
қуатталмаған үндеткіштер (батарея немесе қуат сымы сияқты бөлек қуат көзі жоқ үндеткіштер) ажыратылды.
Қуатталмаған үндеткіштерді қуатталған үндеткіштермен ауыстырыңыз.
Дыбыс шықпайды. 1. Бастау экранына панель управления деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын
таңдаңыз. Немесе, Windows жұмыс үстелінен Бастау түймесінің оң жағын басып, Панель управления
(Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсізідік) тармағын
таңдаңыз.
2. Басқару орталығы астындағы Компьютердің әдеттегі ақаулықтарын жою опциясын, одан кейін
Дыбыс ойнатудың ақаулықтарын жою опциясын таңдаңыз.
Спикерлердің қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Компьютерді өшіріп, үндеткіштерді ажыратып, қайта қосыңыз. Үндеткіштердің Line In немесе құлақаспап
портына емес, дыбыс портына қосылғандығына көз жеткізіңіз.
Ұйқы режимінен жалғастыру үшін ұйқы түймесін (таңдауды үлгілерде ғана) немесе еsc түймесін басыңыз.
Құлақаспаптар компьютерге (немесе динамик жүйесіне) қосылған болса, оларды ажыратыңыз.
Интернетке қосылу
Белгі Мүмкін болатын шешім
Интернетке қосылу
орындалмады.
1. Бастау экранына панель управления деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын
таңдаңыз. Немесе, Windows жұмыс үстелінен Бастау түймесінің оң жағын басып, Панель управления
(Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз.
2. Желі және Интернет бөлімінен Интернетке қосылу пәрменін басыңыз.
Интернет қосылымының түріне жарамды кабельдердің пайдаланылуын тексеріңіз. Компьютерде қашықтан
кіру модемі және Ethernet желі адаптері болуы мүмкін (сонымен бірге желі интерфейс картасы немесе NIC деп
аталады). Жергілікті желіге (LAN) қосылу үшін модем стандартты телефон кабелін пайдаланса, желі адаптері
желі кабелін пайдаланады. Телефон кабелін желі адаптеріне қоспаңыз және желі кабелін телефон желісіне
жалғамаңыз; осылай істеу желі адаптерін зақымдауы мүмкін.
Сымсыз орнату шеберін іске қосыңыз.
1. Бастау экранына панель управления деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын
таңдаңыз. Немесе, Windows жұмыс үстелінен Бастау түймесінің оң жағын басып, Панель управления
(Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Желі және интернет, одан кейінжелі және бөлісу орталығы
тармақтарын таңдаңыз.
2. Сеть и общий доступ (желі және ортақ пайдалану орталығы) терезесінен Жаңа байланыс немесе желі
орнату пәрменін таңдап, шеберді ашыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйеде сыртқы антенна бар болса, антеннаны жақсырақ орынға жылжытып көріңіз. Ішкі антенна болса,
компьютерді жылжытып көріңіз.
Кейінірек қайта қосып көріңіз немесе қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Интернетке жалғау
мүмкін емес бірақ қателік
хабары жоқ.
1. Windows жұмыс үстелінен тапсырмалар тақтасының оң жақ түбінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы желі күйінің таңбасын басыңыз.
14 5-тарау Ақауларды жою