User Guide - Windows 8.1

Белгі Мүмкін болатын шешім
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдар кезінде сымсыз пернетақта мен сымсыз тінтуірді жібергіш-
қабылдағыштың деңгейімен бірдей етіп, жібергіш-қабылдағыштан 30 см (12 дюйм) алыс емес жерге, және
басқа құрылғылар кедергі жасамайтын жерге қойыңыз
1. Жібергіш-қабылдағышты компьютердің USB портынан ажыратып, қайта қосыңыз. Сіздің
компьютеріңізде жібергіш-қабылдағышқа арналған порт болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақта және тінтуір жібергіш-қабылдағыш суретте көрсетілгеннен өзге болуы мүмкін.
2. Тінтуірдің (A) ішінде екенін тексеріп, тінтуірдің астындағы қосу түймесін (B) жібергіш-қабылдағыштағы
жарықдиоды шам жанғанша немесе жыпылықтағанын тоқтатқанша 5-10 секундтай басып тұрыңыз.
Жібергіш-қабылдағыштың қосылым сеансы 60 секундтан соң бітеді. Байланыс орнатылғанын және
жібергіш-қабылдағыш уақыты аяқталмағанына көз жеткізу үшін тінтуірді жылжытып, экрандағы
жауапты тексеріңіз.
3. Егер пернетақта жауап бермей тұрса, пернетақтаның астындағы Connect (Қосу) түймесін (C) жібергіш-
қабылдағыштағы жарықдиоды шам жанғанша немесе жыпылықтағанын тоқтатқанша 5-10 секундтай
басып тұрыңыз.
Пернетақта мен тінтуір (сымсыз) 13