User Guide - Windows 8.1
Белгі Мүмкін болатын шешім
3. Apply (Қолдану) түймешігін, одан кейін Keep changes (Өзгерістерді сақтау) түймешігін басығыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы жерде тізімделген ақпаратпен бірге монитормен берілген құжаттарға да қараңыз.
Пернетақта мен тінтуір (кабельді)
Белгі Мүмкін болатын шешім
Пернетақта пәрмендері
мен теруді компьютер
оқымайды.
Компьютерді өшіру үшін тінтуірді қолданыңыз. Пернетақтаны компьютердің артқы жағынан ажыратып, қайта
қосыңыз, одан кейін компьютерді қайта қосыңыз.
(Кабельді) тінтуір жұмыс
істемейді немесе ол
табылмады.
Тінтуір кабелін компьютерден ажыратып, қайта қосыңыз.
Тінтуір табылмаса, компьютерді өшіріп, тінтуір кабелін ажыратыңыз және қайта қосыңыз, одан кейін
компьютерді қайта қосыңыз.
Сандық пернетақтадағы
көрсеткі пернелеріне
меңзер жауап бермейді.
Пернетақтадағы Num Lock параметрін өшіру үшін Num Lock басыңыз, енді сандық пернетақтадағы көрсеткі
пернелерді пайдалануға болады.
Меңзер тінтуір
жылжуларына жауап
бермейді.
1. Ашық бағдарламаны шолу үшін alt+tab пернелерін бір мезгілде басыңыз.
2. Таңдалған бағдарламадағы өзгертулерді сақтау үшін сtrl+s пернелерін бір мезгілде басыңыз (сtrl+s - көп
бағдарламада, барлығы емес, сақтауға арналған пернетақта тіркесімі).
3. Ашық тұрған барлық бағдарламаларды сақтау үшін 1 және 2-қадамдарды қайталаңыз.
4. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
5. Өшірілгеннен соң, тінтуір сымын компьютердің артқы жағынан ажыратып, қайта қосыңыз, одан кейін
компьютерді қайта іске қосыңыз.
Пернетақта мен тінтуір (сымсыз)
Белгі Мүмкін болатын шешім
Сымсыз пернетақта
немесе тінтуір жұмыс
істемейді немесе олар
табылмады.
●
Сымсыз пернетақтаны немесе сымсыз тінтуірді жібергіш-қабылдағыштан қалыпты жағдайда 10 метр (32
фут) шамасында және бастапқы орнату немесе қайта синхрондау кезінде 30 см (12 дюйм) қашықтықта
пайдалану керек.
●
20 минут қолданылмаған тінтуір тоқтату режиміне қосылады. Тінтуірді қайта қосу үшін тінтуірдің сол жақ
түймесін басыңыз.
●
Пернетақтадағы және/немесе тінтуірдегі батареяларды ауыстырыңыз.
●
Келесі қадамдарды пайдалану арқылы жібергіш-қабылдағышқа пернетақтаны және тінтуірді қайта
синхрондаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер үлгісіне қарай, жібергіш-қабылдағыш компьютер сыртынан көрінбейтін USB
портында алдын ала орнатылған болуы мүмкін.
Келесі суреттерде көрсетілген жібергіш-қабылдағыш, сымсыз пернетақта және сымсыз тінтуір мысал болып
табылады; үлгіңіз өзгеше болуы мүмкін.
12 5-тарау Ақауларды жою