User Guide - Windows 8.1
Белгі Мүмкін болатын шешім
– немесе –
Компьютерді өшіру үшін компьютердегі қуат түймесін 5 немесе одан артық секунд басып тұрыңыз және
компьютерді қайта іске қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
Қателік хабары:
Жүйе дискісі
жарамсыз немесе
жүйеге жатпайтын
диск немесе диск
қателігі.
Диск әрекеті тоқтағанда оптикалық дискіні алып, пернетақтадағы бос орын пернесін басыңыз.
Қуат
Белгі Мүмкін болатын шешім
Қуат түймесі
басылып тұрған
кезде компьютер
өшірілмейді.
Қуат түймесін компьютер өшкенше басып тұрыңыз. Одан кейін компьютерді қайта іске қосыңыз.
Компьютер
автоматты түрде
өшіріледі.
●
Компьютер өте ыстық жерде болуы мүмкін. Салқындатыңыз.
●
Компьютердің ауа саңылауларының бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Компьютерді тазалау (24-бет) бөлімін
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютердің ішкі желдеткіші болса, ішкі желдеткіштің жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
Дисплей (монитор) (таңдаулы үлгілерде ғана)
Белгі Мүмкін болатын шешім
Экран бос және
монитордың қуат
жарығы жанып тұрған
жоқ.
Қуат сымын монитордың артына және қабырға розеткасына қайта қосыңыз.
Монитордағы қуат түймесін басыңыз.
Экран бос Экран дисплейін қайта көрсету үшін пернетақтадағы бос орын пернесін басыңыз немесе тінтуірді
жылжытыңыз.
Ұйқы режимінен жалғастыру үшін ұйқы түймесін (таңдалған модельдер үшін) басыңыз немесе пернетақтадағы
еsc пернесін басыңыз.
Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз.
Монитор кабелінің ашалары майысып қалуы мүмкін.
●
Істіктердің біреуі майысса, монитордың кабелін ауыстырыңыз.
●
Істіктер майыспаса, монитордың кабелін компьютерге қайта қосыңыз.
Экрандағы кескін тым
үлкен немесе кішкентай
немесе кескіндер анық
емес.
Windows операциялық жүйесіндегі монитордың ажыратымдылық параметрін реттеңіз.
1. Жұмыс үстелінің бос аймағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Screen resolution (Экран
ажыратымдылығы) опциясын таңдаңыз.
2. Ашылмалы мәзірден басқа ажыратылымдықты таңдаңыз.
Қуат 11