User Guide - Windows 8.1
5 Ақауларды жою
Егер сізде монитор немесе принтер сияқты кез келген перифериялық жабдықтарды компьютермен
қолдану проблемалары болса, ақаулықтарды жою туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді өнім
жасаушысы берген құжаттамадан көріңіз. Келесі кестелер орнату, іске қосу немесе компьютерді
пайдалану кезінде орын алатын ақауларды және олардың шешімдерін көрсетеді.
Ол туралы толығырақ ақпарат немесе ақаулықтарды жөндеу туралы қосымша кеңестерді көру үшін
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-сайтына барып, компьютеріңіздің үлгісін
іздеңіз.
Компьютер қосылмайды
Белгі Мүмкін болатын шешім
Қателік хабары:
қатты дискі қателігі
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
а. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз.
ә. Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан қосу таңбасын басып, одан кейін қайта бастау
пәрменін басыңыз.
– немесе –
Компьютерді өшіру үшін компьютердегі қуат түймесін 5 немесе одан артық секунд басып тұрыңыз және
компьютерді қайта іске қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Windows операциялық жүйесі ашылса, барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін қатты дискіге жазып
алыңыз.
3. Қолдау орталығына хабарсаыңыз (Windows жүйесі қосылса да, қосылмаса да).
Компьютер
қосылмайды немесе
іске қосылмайды.
Компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғанып тұрған кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. Компьютердің
қуат жабдықтаудың жасыл шамы жанып тұруы тиіс; Олай болмаса, басқа айнымалы ток розеткасын пайдаланып
көріңіз. Егер әлі де проблема болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Қуат көзінің кернеуі компьютердің электр кернеуіне сай болуын қадағалаңыз.
Айнымалы ток розеткасын басқа электр құрылғыларын қосу арқылы тексеріңіз.
Мүмкін болса қуат көзіндегі сүзгілер мен тұрақтандырғыштарды алып, қуат ашасын розеткаға тікелей жалғаңыз.
Барлық қосымша құралдарды ажыратып, қуат түймесін кем дегенде 15 басып ұстап тұрыңыз. Компьютерді қосу
үшін, қуат түймесін басыңыз.
Дисплейде (монитор) еш нәрсе көрсетілмесе, монитор дұрыс жалғанбауы мүмкін. Мониторды компьютерге қосып,
қуат сымын айнымалы ток көзіне жалғаңыз, одан кейін мониторды қосыңыз. Дисплей (монитор) (таңдаулы
үлгілерде ғана) (11-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютер жауап
бермейді.
1. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз.
2. Тапсырмалар реттеушісі опциясын таңдаңыз.
3. Жауап бермеген кез-келген бағдарламаны таңдап, тапсырманы аяқтау пәрменін басыңыз.
Бағдарламаларды жабу ақаулықты жөндемесе компьютерді қайта бастаңыз.
1. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз.
2. Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан қосу таңбасын басып, одан кейін қайта бастау пәрменін
басыңыз.
10 5-тарау Ақауларды жою