User Guide - Windows 8.1
3 Экранды шарлау
Компьютер экранын мына әдістермен шарлауға болады:
●
Түрту қимылдарын пайдалану (кейбір үлгілерде ғана)
●
Пернетақта мен тінтуірді қолдану
Кейбір компьютер үлгілерінің пернетақталарында күнделікті тапсырмаларды орындауға арналған
арнайы әрекет пернелері немесе пернелер үйлесімімен орындалатын функциялар бар.
Түрту қимылдарын пайдалану
Сенсорлық қимылдарды параметрлерін өзгерту, түйме конфигурациялары, жылдамдығын басу және
меңзер таңдауларын өзгерту арқылы реттеуге болады.
Бастау экранына панель управления деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын
таңдаңыз
. Немесе, Windows жұмыс үстелінен Бастау түймесінің оң жағын басып, Панель управления
(Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. Құрал және дыбыс тармағын таңдаңыз. Құралдар мен
принтерлер тармағынан, тінтуір пәрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Түрту қимылдарына барлық бағдарламаларда қолдау көрсетіле бермейді.
Пернетақтаны және тінтуірді пайдалану
Пернетақта және тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта
арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС:
Пернетақтадағы Windows пернесі ашылған бағдарламалардан немесе Windows жұмыс
үстелінен бастау экранына жылдам оралу мүмкіндігін береді. Windows пернесін қайта бассаңыз,
алдыңғы экранға ораласыз.
ЕСКЕРТПЕ: Елге немесе аймаққа байланысты, пернелер мен пернетақта функциялары осы бөлімде
талқыланғаннан өзгеше болуы мүмкін.
Әрекет пернелері мен пернелер үйлесімін пайдалану
Кейбір пернелер мен пернелер тіркесімін пайдалану арқылы ақпаратты тез ашуға немесе
функцияларды орындауға болады.
●
Әрекет пернелері тағайындалған функцияны орындайды. Пернетақтаның жоғарғы жағындағы
функция пернелеріндегі белгішелер тағайындалған функцияны сол пернелерді суреттейді.
Әрекет пернесінің функциясын қолдану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
●
Пернелер үйлесімі – fn пернесі мен esc пернесінің, бос орын пернесінің немесе тиісті әрекет
пернесінің тіркесімі.
Пернелер үйлесімін пайдалану үшін, fn пернесін басып қалыңыз, сосын тіркесімнің екінші
пернесін басыңыз.
6 3-тарау Экранды шарлау