Troubleshooting and maintenance instructions
Компьютер мен мониторды тазалау
Компьютер мен мониторды тазалау үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютер мен монитор сымын ажыратыңыз.
2. Монитор экранын тазалау үшін таза жəне құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Монитор
экранында суды пайдаланбаңыз. Мұқият тазалау үшін таза шүберекті жəне
антистатикалық экран тазалағыш
құралын пайдаланыңыз.
3. Процессор жəне монитор шаңын сүрту үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер немесе мониторды жапсырма қалдығынан немесе төгілген заттан
тазалау үшін изопропильді (медициналық) спиртті жəне талшықсыз шүберекті
пайдаланыңыз.
Компьютер желдеткіштерін тазалау
Ауа желдеткіштері компьютерді салқындатып тұрады. Кішкентай, батареямен зарядталған
шаңсорғышты пайдалану арқылы осы желдеткіштерді таза ұстаңыз. (Батареямен зарядталған
шаңсорғыш ток соғудан сақтайды.)
1. Процессордағы желдеткіштерді шаңсорғышпен тазалаңыз.
2. Компьютер коннекторларында (мысалы, Ethernet жəне USB коннекторлары) жə
не жанында
жиналған қоқыстардан тазалаңыз.
Пернетақта мен тінтуірді тазалау
Пернетақта пернелерін тазалаған кезде перне қақпақтарын жəне серіппелерді шығарып алмау
үшін батареямен зарядталған шаңсорғыштың төменгі параметрін пайдаланыңыз.
1. Пернетақта пернелері арасын жəне ойық жерлерді шаңсорғышпен тазалаңыз.
2. Пернетақта пернелері мен оның шеттерінде
жиналғанды тазалау үшін таза, құрғақ
шүберекті жəне изопропильді (медициналық) спиртті пайдаланыңыз.
3. Тазалау сүрткіштерін пайдалану арқылы тінтуірді жəне тінтуірдің сымын сүртіңіз.
Шарлы тінтуір бар болса, ішіндегі дөңгелек пен шарды тазалаңыз:
1. Тінтуірдің төменгі жағ
ын жоғары қаратып, сақинаны алып тастап, шарды босату үшін шар
қақпағының сақинасын сағатқа қарсы бұрыңыз.
2. Шарды сабын мен жылы сумен жуып жіберіңіз.
3. Тінтуірдің ішіндегі шарды изопропильді (медициналық) спиртпен суланған мақтамен
тазалаңыз.
4. Шарлар
жақсылап құрғағанда, дөңгелек пен дөңгелек қақпағын ауыстырыңыз.
Компьютер мен мониторды тазалау
15