Troubleshooting and maintenance instructions
Қалпына келтіру медиасы көмегімен жүйені қалпына келтіру үшін:
1. Компьютер жұмыс істеп тұрса, сақтағыңыз келетін барлық деректер файлдарын қамтитын
сақтық көшірме DVD дискісін немесе сақтық көшірме USB флэш жадын жасаңыз, содан
кейін сақтық көшірме а
қпарат тасушысын диск науасынан алыңыз.
2. Қалпына келтіру DVD дискісін пайдаланып жатсаңыз, DVD дискіжетек науасына № 1
қалпына келтіру дискісін салып, науаны жабыңыз. Егер қалпына келтіру USB флэш жадын
пайдаланып жатсаңыз, оны USB портына қайта қосыңыз.
3. Компьютер жұмыс істеп тұрса, шебер түймешіктер құралдар
тақтасын көрсету үшін
курсорды «Бастау» экранынан экранның төменгі оң бұрышына жылжытып, Параметрлер,
Қуат белгішесін, сосын Жұмысты аяқтау опциясын таңдаңыз. Не болмаса, компьютер
жауап бермей жатса, қуат түймесін 5 секундтай немесе компьютер өшкенше басып
тұрыңыз.
4. Компьютерден монитор, пернета
қта жəне тінтуірден басқа барлық перифериялық
құрылғыларды ажыратыңыз.
5. Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз. Қалпына келтіру DVD дискісін
пайдалансаңыз, компьютер дискідегі HP қалпына келтіру менеджері бағдарламасын
автоматты түрде іске қосады. 7-қадамға өтіңіз.
6. Жүйені
қалпына келтіруді USB флэш жадынан іске қоссаңыз, компьютерде іске қосу мəзірі
шығарылайын деп жатқанда Esc пернесін басыңыз. Көрсеткі пернелермен USB
құрылғысын таңдап, сол құрылғыдан іске қосу үшін Enter пернесін басыңыз.
7. Не ақпарат тасушысынан не қатты дискіден Жүйені қалпына келтіруді іске қосуды таңдау
сұралса, ақпарат тасушысын таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
8. Зауыттық параметрлері тармағын таңдаңыз.
9. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру ақпарат тасушылары
Қалпына келтіру ақпарат тасушысын бос DVD дискілерінде немесе USB флэш жадында
жасауға болады (екеуінің біреуі, бірден екеуі емес). Қатты дискіде сақталған қалпына келтіру
кескінінен қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасаңыз. Бұл кескінде компьютерге бастапқыда
өндіруші орнатқан операциялық жүйе жəне
бағдарлама файлдары бар. Компьютер үшін
қалпына келтіру ақпарат тасушысының бір жиынын жасауға болады жəне ақпарат тасушысын
тек осы компьютермен пайдалануға болады. Қалпына келтіру ақпарат тасушысын қауіпсіз
жерге сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Microsoft Windows жүйесінің нұсқасы орнатылмаған күйде жеткізілген жүйелерде
кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
Қалпына келтіру ақпарат тасушысын таңдау
●
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютеріңізде DVD дискілерге жазу құралы
болуы керек жəне тек жоғары сапалы бос DVD+R немесе DVD-R дискілерін пайдалану
керек.
Қалпына келтіру ақпарат тасушылары
11