Troubleshooting and maintenance instructions

Егер компьютер жұмыс істеп тұрып, Windows жүйесі пəрмендерге жауап берсе, жүйені мына
қадамдарды орындап қалпына келтіріңіз.
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерден монитор, пернетақта жəне тінтуірден басқа барлық перифериялық
құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
4. Бастау экранында
восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен HP қалпына келтіру менеджері тармағын таңдаңыз. Сұралса,
бағдарламаға жалғастыруға рұқсат ету үшін Да түймесін басыңыз.
5. Windows қалпына келтіру ортасы тармағын таңдаңыз.
6. Экранда
ғы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер жүйе қалпына келтіру бөлімін анықтамаса, ол қалпына келтіру ақпарат
тасушысын салуды ұсынады. Диск немесе USB драйвын салыңыз, Иə пəрменін таңдаңыз,
одан кейін компьютерді қайта бастап, HP қалпына келтіру менеджерін дискіден немесе
USB драйвынан қосу үшін Келесі түймесін басыңыз
. Дискілерді пайдаланып жатсаңыз,
сұралғанда келесі жүйені қалпына келтіру дискісін салыңыз.
7. Қалпына келтіру аяқталған кезде, компьютерді өшіріңіз, барлық перифериялық
құрылғыларды қайта қосыңыз, сөйтіп компьютерді қайта қосыңыз.
Жүйені бастау барысында жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді жəне
бағдарламаларды жояды. Алынбалы дискіге немесе USB флэш жадына барлық маңызды
деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Егер Windows жүйесі жауап бермесе, бірақ компьютер жұмыс істеп тұрса, жүйені төмендегі
қадамдарды орындап қалпына келтіріңіз.
1. Компьютерді өшіріңіз. Қажет болса, «Қуат» түймесін компьютер өшкенше басып тұрыңыз.
2. Компьютерден монитор, пернетақта жəне тінтуірден басқа барлық
перифериялық
құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз.
4. Компания логотипі бар бастапқы экранды көргенде, экранда Windows загружает файлы
хабары пайда болғанша пернетақтада F11 пернесін қайта-қайта басыңыз.
5. Windows қалпына келтіру ортасы тармағын таңдаң
ыз.
6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
7. Қалпына келтіру аяқталған кезде, компьютерді өшіріңіз, барлық перифериялық
құрылғыларды қайта қосыңыз, сөйтіп компьютерді қайта қосыңыз.
Қалпына келтіру медиасы арқылы жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді жəне
бағдарламаларды жояды. Алынбалы дискіге немесе USB флэш жадына барлық маңызды
деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Қалпына келтіру ақпарат тасушыларын жасау үшін Қалпына келтіру ақпарат тасушысын
жасау 12-бетте бөлімін қараңыз.
10
Бап 3 Жүйені қалпына келтіру