Troubleshooting and maintenance instructions

3
Жүйені қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтіру қатты дискіні толығымен өшіріп, қатты дискіні қайта форматтайды. Бұл
кезде жасалған барлық деректер файлдары жойылады, содан кейін операциялық жүйе,
бағдарламалар мен драйверлер қайта орнатылады. Бірақ, компьютерде өндіруші орнатпаған
барлық бағдарламаларды қайта орнату керек. Бұған
компьютермен бірге берілетін ақпарат
тасушылардағы бағдарламалар жəне сатып алғаннан кейін орнатылған барлық бағдарламалар
кіреді.
ЕСКЕРІМ: Жүйені қалпына келтіру бағдарламасын пайдалану алдында Жүйені қалпына
келтіру процедурасын пайдаланыңыз
Microsoft
Жүйені қалпына келтіру тізімінде
Бағдарламалық құрал ақауларын жою 7-бетте көріңіз..
Microsoft Windows жүйесінің нұсқасы орнатылмаған күйде жеткізілген жүйелерде кейбір
мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
Жүйені қалпына келтіру əдісін таңдау
Жүйені қалпына келтіруді орындау үшін келесі əдістердің бірін таңдауға болады:
Қалпына келтіру кескініқатты дискіде сақталған қалпына келтіру кескінінен Жүйені
қалпына келтіру бағдарламасын іске қосыңыз. Қалпына келтіру кескінібұл өндіруші
компьютерге орнатқан бастапқы бағдарламаларды
ң көшірмесі бар файл. Жүйені қалпына
келтіру кескіні арқылы қалпына келтіру үшін,
Windows «Бастау» мəзірінен жүйені қалпына
келтіру 9-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру кескіні қатты дискінің деректерді сақтау үшін пайдалануға
болмайтын бөлігін пайдаланады.
Қалпына келтіру медиасыжүйені қалпына келтіруді қатты дискіде сақталған файлдардан
жасаған қалпына келтіру дискілерінен немесе бөлек сатып алған дискілерден іске
қосыңыз. Қалпына келтіру ақпарат тасушыларын жасау үшін
Қалпына келтіру ақпарат
тасушысын жасау 12-бетте бөлімін қараңыз.
Жүйені қалпына келтіру опциялары
Жүйені төмендегі тəртіппен қалпына келтіру керек:
1. Қатты дискіден, Windows «Бастау» мəзірінен.
2. Қатты дискіден жүйе іске қосылып жатқанда пернетақтадағы F11 пернесін басып тұру
арқылы.
3. Жасалған қалпына келтіру ақпарат тасушыларының көмегімен.
4. HP қолдау қызметінен
сатып алған қалпына келтіру дискілерінің көмегімен. Қалпына
келтіру дискілерін сатып алу үшін
http://www.hp.com/go/contactHP сайтына кіріңіз.
Windows «Бастау» мəзірінен жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді жəне
бағдарламаларды жояды. Алынбалы дискіге немесе USB флэш жадына барлық маңызды
деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Жүйені қалпына келтіру əдісін таңдау
9