Troubleshooting and maintenance instructions
Бағдарламалық құрал ақауларын жою
Белгі Мүмкін болатын шешім
Бағдарламалық
құрал ақауларын
жою үшін үш əдісті
орындаңыз:
●
Компьютерді толық өшіріп, қайтадан қосыңыз. Бұл - ең оңай (жəне кейде ең жақсы) жол.
●
Драйверлерді жаңартыңыз (келесі Құрылғы драйверлерін жаңарту тармағ
ын көріңіз).
●
Microsoft жүйені қалпына келтіру бағдарламалық құралын жəне аппараттық құрал драйверін қайта
орнатуды пайдаланыңыз (кейінірек осы кестеден Microsoft жүйені қалпына келтіру тармағын көріңіз).
— Компьютердің бағдарламалық құрал орнатылмастан бұрын пайдаланылған конфигурациясын
қалпына келтірі
ңіз.
●
Бағдарламалық құралды немесе аппараттық құрал драйверін қайта орнатыңыз (кейінірек осы кестеден
Бағдарламалық құралды немесе аппараттық құрал драйверін қайта орнату тармағын көріңіз). —
Бағдарламаны (өніммен берілсе) немесе аппараттық құралды өндіруші орнатқан əдепкі қалыпқа
қалпына келтіреді.
●
Жүйені қалпына келтіру (
Жүйені қалпына келтіру 9-бетте тармағын қараңыз) — Қатты дискіні
өшіріп, қайта форматтаңыз, кейін операциялық жүйені, бағдарламаларды жəне драйверлерді қайта
орнатыңыз. Бұл жасалған барлық деректер файлын жояды.
Құрылғы
драйверлерін
жаңарту
Драйверді жаңарту үшін немесе жаңасы ақауды жоймаса, алдыңғы
нұсқасына қайтару үшін келесі
процедураны аяқтаңыз.
1. Бастау экранына менеджер устройства (құрылғы менеджері) деп жазыңыз, Құрылғы менеджері
опциясын таңдаңыз.
2. Жаңартқыңыз немесе қайтарғыңыз келетін құрылғы түрін кеңейту үшін көрсеткі
белгісін басыңыз.
(Мысалы, DVD/CD-ROM дискіжетектері.)
3. Нақты элементті екі рет басыңыз (мысалы, HP DVD жазу құралы 640b).
4. Драйвер қойындысын басыңыз.
5. Драйверді жаңарту үшін Драйверді жаңарту түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Немесе драйвердің алдыңғы нұсқасына қайтару
үшін Драйверді қайтару түймесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Microsoft жүйесін
қалпына келтіру
Егер компьютерде орнатылған бағдарламаға байланысты ақау пайда болса, компьютерді алдыңғы қалпына
келтіру нүктесіне қайтару үшін жүйені қалпына келтіру функциясын пайдаланыңыз. Қалпына келтіру
нү
ктелерін қолмен орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Жүйені қалпына келтіру бағдарламасын пайдалану алдында əрқашан осы Жүйені қалпына
келтіру процедурасын орындаңыз.
Microsoft Windows жүйесінің нұсқасы орнатылмаған күйде жеткізілген жүйелерде кейбір мүмкіндіктер қол
жетімді болмауы мүмкін.
Жүйені қалпына келтіруді
немесе қалпына келтірілетін орындарды қолдап қосу үшін:
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. Бастау экранына панель управления деп жазып, Басқару тақтасы опциясын таңдаңыз.
3. Жүйе жəне қауіпсіздік, Жүйе сосын Жүйені қорғау опциясын
таңдаңыз.
4. «Жүйе сипаттары» экранындағы Жүйені қорғау қойындысын басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық құрал ақауларын жою
7